«Отандастар қоры» КеАҚ шетелде тұратын қазақ диаспорасы өкілдерінің арасынан шыққан жастар арасында шығармашылық байқау жариялайды

03 Тамыз, 2023

Байқаудың негізгі шарттары:

• Байқауға 30 жасқа дейінгі ұлты қазақ шетел азаматтары қатыса алады;

• Қазақ халқының ұлттық құндылықтары, тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлері төңірегіндегі кез келген тақырыпта бейнеролик түсіру қажет.

• Бір қатысушы бірнеше бейнеролик ұсына алады.

• Әрбір бейнероликтің ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс;

• Байқауға жолданатын бейнероликті қатысушылар өздерінің Instagram немесе Facebook әлеуметтік желісіне @otandastar_qory (Instagram), @OtandastarQory (Facebook) парақшасын және Otandastar, Qandastar Qazaqtar хэштегін белгілеп салу қажет.

• Сонымен қатар, бейнероликті oqbaiqau@gmail.com электронды поштасына жіберу қажет (аты-жөні, тұратын елі туралы ақпаратпен қоса)

Бейнероликтер 2023 жылғы 5 қыркүйекке дейін қабылданады.

 

I орын – Ноутбук

II орын - Планшет

III орын - Pocketbook электонды кітабы

5 адамға ынталандыру сыйлықтары – Смарт сағаттар

Барлық сұрақтар бойынша: +77478272237

«Отандастар қоры» КеАҚ шетелде тұратын қазақ диаспорасы өкілдерінің арасынан шыққан жастар арасында шығармашылық байқау жариялайды