Қазақ-моңғол қарым-қатынастарының дамуына, халықтар достығын нығайтуға және ұлттық руханиятқа қосқан үлесі үшін бірқатар қазақ-моңғол қайраткелері марапатталды

06 Шілде, 2023

Соның ішінде:

🔸«Достық» ордені🔸

1. Бәделхан Қабдыісләмұлы - 
Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының депутаты, моңғол-қазақ парламенттік достық тобының тең төрағасы;
  
🔸«Шапағат» медалі🔸
 
1. Тілейхан Әлмәлікұлы - Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының бұрынғы депутаты, саясаткер, ұлт жанашыры

2. Зульфикар Сарқытұлы - 
Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, ғалым, PhD докторы;


🔸ҚР Президентінің Төс белгісі мен Алғыс хаты🔸
 
1. Әубәкір Тілеуханұлы - Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының мүшесі, «Баян-Өлгийдің Ұлан-Батыр қаласындағы Жерлестер алқасы» үкіметтік емес ұйымының төрағасы;
 
2. Бейсен Бұланұлы - Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының депутаты;
 
3. Асай Рәмішұлы - Моңғолияның халық дәрігері, қазақ тілінің жанашыры;
 
4. Нота Әнуарұлы - Медицина ғылымдарының докторы, профессор, атақты нейрохирург, Моңғолияның халық дәрігері;
 
5. Айнагүл Сарайқызы - «Арулар» әйелдер одағының төрайымы;

6. Байыт Қабанұлы - Ақын, аудармашы, Моңғолиядағы қазақ жастарын қолдаушы;

 7. Оразбек Сейтахметұлы - «Алаш Моңғолия» бейресми ұйымының төрағасы, Ұлан-Батыр қаласында домбыра үйірмесін ұйымдастырушы;
 
8. Батырбек Хадысұлы - Моңғолиядағы Мұсылман қоғамының төрағасы, Моңғолия Президентінің жанындағы Діни кеңес мүшесі және Моңғолиядағы қазақ жастарын Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуіне тұрақты қолғабыс көрсетуші;

🔸«Отандастар қоры» алғыс хаты және «Алғыс» естелік медалі🔸
 
1.  Э. Бямбажав - Моңғолияның Қазақстандағы тұңғыш Елшісі;
2. Ұлықпан Қаманұлы - Моңғолияның Еңбек сіңірген ұстазы;
3. Алданыш Рамазанқызы - Моңғолияның Еңбек сіңірген спортшысы, 1964 жылы Токио олимпиадасына қатысқан тұңғыш қазақ қызы;
4. Қауымдас Әшімұлы - тау-кен инженері;
5. Ержан Қабышайұлы - Демократия партия Саяси бюросының мүшесі, экс-вице- министр;
6. Көгершін Хуанганқызы - «GoGo» ақпараттық агенттігінің журналисті;
7.  Ерлан Амидұлы - Хирург, Ховд аймағында өткізілетін «Алтай қырандары» іс-шарасын ұйымдастырушысы;
8. Амангүл Шұғатайқызы - Моңғолия Халықаралық қатынастар институтының сарапшысы, Қащақстан туралы көптеген мақалалардың авторы;
9. Асылбек Бәделханұлы - Сэлэнгэ аймағы театрының басшысы;

 


 

Қазақ-моңғол қарым-қатынастарының дамуына, халықтар достығын нығайтуға және ұлттық руханиятқа қосқан үлесі үшін бірқатар қазақ-моңғол қайраткелері марапатталды