«Әр қазаққа – бір кітап»: шетелдегі қандастарға 200 кітап тарту етіледі.

21 Сәуір, 2023

«Altyn Qyran Foundation» қоры «Әр қазаққа – бір кітап» акциясын қолдап, 200 кітапты тарту етті. Қазақ тіліндегі кітаптар қиырдағы қандастарға сыйға тартылады.

«Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының демеушілігімен 2021-2022 жылдары аударылып, басылып шыққан 200 кітап тарту етілді. Оның ішінде Анджела Дакуорттың «Табандылық» атты бестселлері, жас қазақ прозашыларының «Дауыс» атты әңгімелер жинағы, Пол Винья мен Майкл Кейсидің «Блокчейн технологиясы» және Дон Тапскотт пен Алекс Тапскоттың «Криптовалюта дәуірі» атты еңбектері және бар.

     

 

 

 

 

 

 

 

«Әр қазаққа – бір кітап»: шетелдегі қандастарға 200 кітап тарту етіледі.