Байқауға қатысып "Жазғы Лагерьге" жолдама ұтып алғыңыз келе ме?

14 Сәуір, 2023

Отандастар қорының «Жазғы лагерь - 2023» жобасына қатысушыларды іріктеу мақсатында шетелдерде тұратын 12-17 жастағы этникалық қазақ оқушылары арасында онлайн форматта өтетін «Сурет әлемі» халықаралық сурет салу байқауына қатысуға шақырамыз!

Байқау шарттары:

1. Алыс жақын шет елдерде тұратын 12-17жастағы этникалық қазақ балалары қатыса алады.

2. Қатысушы авторлық ұлттық және еркін нақышта қазақи тұрмыс-тіршілік тақырыбын қамтитын сурет жіберуі тиіс және суреттің өз атауы болуы керек.

3. Салған суретін JPEG форматында фотоға түсіріп жібереді және өзі жіберген суреттің әлеуметтік желілерде жариялануына келісуі керек.

4. Суретпен бірге қатысушы өзі туралы қысқаша ақпараттарды (Аты-жөні, жасы, тұратын жері, оқитын мектебі, сыныбы, таңдаған тақырыбы) oq.contests@gmail.com эл-почтасына жіберуі тиіс.

6. Қатысушы салған суретін @otandastar_qory – Instagram, @OtandastarQory – Facebook, @otandastarqory – TikTok парақшасын белгілеп бөлісіп, #OQSummerCamp; #otandastar #Oqjazgylageri хэштегтерін белгілеп салуы қажет.

Қатысушылардың салған суреттері 2023 жылғы 1-15 Сәуір аралығында oq.contests@gmail.com электронды почта арқылы қабылданады.
Байқау қорытындысы бойынша 6 жүлделі орын тағайындалады.
- 3 орын 12-15 жас үшін
- 3 орын 16-17 жас үшін
Байқау жеңімпаздарына «Жазғы лагерь - 2023» жобасына жолдама электронды почтамен жолданады. Жолдама «Жазғы лагерь» жобасына қатысу, жатын орын, тамақтану және оқытумен қамтамасыз етеді. Лагерьге келіп, кету жол қаражаты қатысушының есебінен төленеді.

ЕСКЕРТУ: "Отандастар Қоры" КЕАҚ-тың 2019, 2022жылы ұйымдастырған "Жазғы Лагерь" жобасына қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.
Сұрақтар үшін: +7 747 178 39 38

Байқауға қатысып "Жазғы Лагерьге" жолдама ұтып алғыңыз келе ме?