Отандастар қорының «Жазғы лагерь - 2023» жобасына қатысушыларды іріктеу мақсатында шетелдерде тұратын 12-17 жастағы этникалық қазақ оқушылары арасында онлайн форматта өтетін «Үздік Фотосурет» халықаралық байқауына қатысуға шақырамыз!

30 Наурыз, 2023

Байқау шарттары:

1. Алыс жақын шет елдерде тұратын 12-17жастағы этникалық қазақ балалары қатыса алады.

2. Қатысушы 3-тен кем емес авторлық ұлттық және еркін нақышта қазақи тұрмыс-тіршілік тақырыбын қамтитын фотосуреттер жіберуі тиіс. Фотосуреттердің атауы болуы керек.

3. Фото JPEG форматында болуы керек және қатысушы өзі жіберген фотолардың әлеуметтік желілерде жариялануына келісуі керек.

4. Фотомен бірге қатысушы өзі туралы қысқаша ақпараттарды (Аты-жөні, жасы, тұратын жері, оқитын мектебі, сыныбы, таңдаған тақырыбы) oq.contests@mail.ru эл-почтасына жіберуі тиіс. 

6. Қатысушы фотосуреттерін @otandastar_qory – Instagram, @OtandastarQory – Facebook, @otandastarqory – TikTok парақшасын белгілеп бөлісіп, #OQSummerCamp; #otandastar #Oqjazgylageri хэштегтерін белгілеп салу қажет.

Қатысушылардың байқау бойынша жұмыстары 2023 жылғы 23-наурыз бен 6-сәуір аралығында oq.contests@mail.ru электронды почта арқылы қабылданады. 
Байқау қорытындысы бойынша 6 жүлделі орын тағайындалады.
- 3 орын 12-15 жас үшін
- 3 орын 16-17 жас үшін
Байқау жеңімпаздарына «Жазғы лагерь - 2023» жобасына жолдама электронды почтамен жолданады. Жолдама «Жазғы лагерь» жобасына қатысу, жатын орын, тамақтану және оқытумен қамтамасыз етеді. Лагерьге келіп, кету жол қаражаты қатысушының есебінен төленеді.

ЕСКЕРТУ:

"Отандастар Қоры" КЕАҚ-тың 2019, 2022жылы ұйымдастырған "Жазғы Лагерь" жобасына қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.
Сұрақтар үшін: +7 747 178 39 38

Отандастар қорының «Жазғы лагерь - 2023» жобасына қатысушыларды іріктеу мақсатында шетелдерде тұратын 12-17 жастағы этникалық қазақ оқушылары арасында онлайн форматта өтетін «Үздік Фотосурет» халықаралық байқауына қатысуға шақырамыз!