Армысыздар, достар!
«Отандастар қоры» шетелде тұратын қандас балаларға қазақ тілін үйрету мақсатында «достар алаңы» жобасын ұсынады.
Мақсатымыз - әлемнің әр елінде тұратын қаракөз ұл-қыздармен ана тілімізде тілдесіп, өзара әңгімелесу арқылы қазақша сөз саптап, сөйлем құрауды үйрету.
Алдымен аты-жөнін, ата-тегін дұрыс айтудан бастап, ұлттық салт-дәстүр мен ұлы тұлғалар туралы әсерлі әңгіме өрбітеміз.
Қызықты тақырыптар таңдап, әлемді бірге танып-білетін боламыз.
Онлайн форматта күнделікті байланысқа шығып, тіл байлығын бірге арттырған балғындар мен жастар жаңа достар табады!
Ал, «достықта шекара жоқ!»
Осыған орай шетелдік қандас балалармен ана тілімізде сұхбат құра отырып, қазақ тілін үйрету үшін мектеп жасындағы ұл-қыздар мен ұлтжанды волонтёр жастарды жобаға атсалысуға шақырамыз!
«Әр қазақ - менің жалғызым» демекші, сізді де жоба аясында асыға күтеміз!
Ендеше, төмендегі нөмірге хат жазып,
Қосылыңыз бізге!
Хабарласамыз сізге!
+7 778 552 8116