Моңғолия елінің Баян-Өлгеий аймағында ақындар айтысы өтті

15 Қараша, 2021

Соңғы айналымға іріктеуден өткен 12 ақын қатысты.

Айтыс барысында ақындар қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, жырдан шашу шашты.
Айтыстың өтуіне «Өлгейліктердің табысы үшінгі одағы», аймақ әкімінің іс басқармасы мен «Айтыскерлер одағы» демеушілік жасады.

Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге Серуен Әзімұлы,  I орынға Сүйеніш Жеңсікбайұлы, II орынға  Бержан Сандалханұлы, III орынға  Іңкәрбек Әділхан ие болды.

Ынталандыру сыйлығы Гүлжан Кәрменхан мен Қайнар Жанарбекұлына берілді.

Моңғолия елінің Баян-Өлгеий аймағында ақындар айтысы өтті