«Отандастар қоры» КЕАҚ әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды

29 Қазан, 2021

Осы орайда, Қоғам басышылығы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Әділұлы Сарбасов пен басқа да қызметкерлерді арнайы құттықтап барды.
 
«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деп Әлихан Бөкейханов айтқандай әлеуметтік қызмет – тек білім мен білікті ғана емес, басқа адамның қиыншылығын түсініп, қай уақытта болмасын көмек көрсетуге дайын болуды талап ететін ерекше мамандықтардың бірі.

Осы ретте, Сіздерге жүктелген қызметтік міндетті адал атқарып, әлеуметтік-еңбек саласына, этникалық көші-қон үрдісіне елеулі үлес қосып, аянбай еткен еңбектеріңізге алғыс білдіріп, мықты денсаулық, жұмыстарыңызға мол табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!

«Отандастар қоры» КЕАҚ әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды