«Шеруші Төлек тарих, шежіресі» атты шежіре кітаптың тұсаукесері өтті

08 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтан қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Шеруші Төлек тарих, шежіресі» атты шежіре кітаптың тұсаукесері өтті.

Іс-шараға “Отандастар Қоры” КЕАҚ “Шетелдегі отандастарды қолдау” департаменті директорының орынбасары Серік Әбдуәлі қатысты.

Энциклопедиялық туынды танымал альпинист, тәуелсіз журналист, өлкетанушы, блогер Жанарбек Ақыбиұлының көп жылғы ізденістерінің нәтижесінде дайындалды.

Аталмыш кітапта ежелгі түркі тайпаларының бірі Керей тайпасының бір тармағы Абақ Керейді құрайтын он екі руының бірі Шерушіден тарайтын Төлек руының тарихы мен шежіресі кең көлемде жазылған.

«Шеруші Төлек тарих, шежіресі» атты шежіре кітаптың тұсаукесері өтті