Біліктілік курсы басталады

17 Тамыз, 2021

18-27 тамыз аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы  мен “Отандастар Қоры” КеАҚ ұйымдастыратын біліктілік курсы басталады.

«Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбына арналған онлайн шара 12 сағатқа жоспарланды. (Бағдарламасымен суретті оңға жылжыту арқылы танысуға болады.).

Қазақ тілін оқыту мен үйрету әдістемесі бойынша тәжірибе алмасуға бағытталған курстың алғашқы сабағы 18.08 күні Нұр-сұлтан қаласының уақытымен 19:00-де басталмақ.

150-ге жуық қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары тіркелген курстың соңында қатысушы оқытушылар «Тіл-Қазына» ұлттық орталығының біліктілікті арттырғаны растайтын сертификаттармен марапатталады.

Біліктілік курсы басталады