Фронт-кеңсе өкілдерімен онлайн-кездесу өтті

05 Тамыз, 2021

2021 жылдың 5 тамызында Отандастар қоры және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, өңірлердегі фронт-кеңсе басшыларымен қазіргі таңда қандастар арасында қалыптасқан мәселелерді ZOOM платформасында талқылады.
 
Сонымен қатар, жиналыс барысында алда бірлесіп атқаратын жұмыстар пысықталып, қандастарды ақпараттық қолдау шаралары туралы мәліметтер берілді.

Бүгінгі күні еліміздің 14 аймағында Отандастар қорының фронт-кеңселері қандастардың көші-қон үдерісі кезеңінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жасауда.

Фронт-кеңсе өкілдерімен онлайн-кездесу өтті