Шетелде тұратын қазақтардың өзекті мәселері қаралды

12 Наурыз, 2021

Бүгін, 2021 жылғы 12 наурызда, Нұр-сұлтан қаласында «Отандастар қоры» жанындағы Қоғамдық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, комиссия төрағасы Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Батырхан Құрмансейіт, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының м.а. Ғалым Шойкин, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар және т.б. қатысты.

Іс-шара барысында шетелдегі қазақтардың ұлттық тиістілігін анықтауға байланысты мәселелер қозғалды, сондай-ақ шетелдік қазақ мәдени орталықтарын қолдау және шетелде қазақстандық телебағдарламаларды тарату мәселелері талқыланды.

Қоғамдық комиссияның қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде және басқа да өзекті мәселелерге қатысты құзырлы мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдар берілетін болады.

Шетелде тұратын қазақтардың өзекті мәселері қаралды