Колумбия университетінің профессоры Гүлнәр Кендірбайдың кітабының халықаралық тұсаукесері өтті

19 Қаңтар, 2021


«Отандастар қоры» КеАҚ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ және Колумбия университеті Гарриман институтының (Нью-Йорк, АҚШ) қолдауымен Гүлнәр Кендірбайдың Ұлы дала тарихына арналған  «Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century» («16 ғасырдан 19 ғасырға дейінгі Еуразияда үстемдік жүргізудің ресейлік тәжірибесі: шекара билігінің динамикасы») атты кітабының  халықаралық тұсаукесері (оффлайн/онлайн) өтті.

Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ орталық аппаратының қеңесшісі Қарлығаш Қожамұрат қатысты.

Алқалы жиын тізгінін Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресі төрағасының орынбасары, т.ғ.д.профессор Бүркітбай Аяған ұстады. Ғалымның ғылым жолындағы әріптестері тарих ғылымдарының докторы «Отандастар қоры» КеАҚ Президентінің қеңесшісі, жобалар координаторы Қалыбек Қобландин, Түркиядағы Қазақ қауымдастығының өкілі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдуақап Қара, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Моңғолия Ғылым Академиясы Халықаралық қатынастар институтының ғылыми кеңесшісі Кұрметхан Мұхамедиұлы жеке-жеке сөз алып ғалымның еңбегіне жоғары баға берді.

«Монографияның құндылығын арттыратын өзге факторлар да жетіп артылады. Мәслен, аталмыш туындысын жазу үшін, профессор Гүлнар Кендірбай 1033 ғылыми дерек көздерін терең зерттеп-зерделеген. Сосын, әлгі дереккөздерінің басым көпшілігі шет тілдерінде жарық көрген, сондықтан да оларға кез келген қазақ тілді тарихшының тісі бата бермейді. Бірақ ең бастысы, олардың бәрі де қазақ тарихы үшін ауадай қажет объктивті шындыққа негізделген туындылар», - дейді Филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов.

Автордың ғылыми ізденістері мәдени антропология, көшпенділік, Ислам мәселелері,  Ресейдің, бұрынғы Кеңес Одағы және Орталық Азияның әлеуметтік және зияткерлік тарихын қамтиды.

«Отандастар қоры» КеАҚ Баспасөз қызметі
Мекен-жай: Нұр-Сұлтан, Қонаев 12/1.
Байланыс: +7-775-375-85-92 (Аян), +7-7014703033 (Мұхтар).

Колумбия университетінің профессоры Гүлнәр Кендірбайдың кітабының халықаралық тұсаукесері өтті