Қандас студенттермен онлайн кездесулер өтті

23 Қараша, 2020

«Отандастар қоры» КеАҚ пен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ «Шетелдік және Қазақстан Республикасына көшіп келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету қызметтері» жөніндегі мемлекеттік тапсырыс аясында шетелден келіп білім алуып жатқан ұлты қазақ студенттермен онлайн кездесулер өткізді.

Іс-шараға «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ төраға орынбасарының кеңесшісі Қарлығаш Хожамұратова, «Отандастар қоры» КеАҚ Жобалар координаторы Дидар Болат, «Отандастар қоры» КеАҚ Білім және қазақ тілі бағытының маманы Нұрымжан Жұмағазиев, «Отандастар қоры» КеАҚ Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің менеджері Алжан Шарифов пен университет өкілдері мен студенттер белсене қатысты.

Онлайн-кездесулерге М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан, Кожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқитын қандас студенттер өз мәселелерін ортаға салып, алаңдатқан сұрақтарына жауап алды.

Жастармен өткен жиындар барысында Жобалар координаторы Болат Дидар «Отандастар қоры» атқарған жұмыспен таныстырып, алдағы жоспарларған іс-шаралар туралы айтты. Сондай-ақ студенттердің төтенше жағдай кезіндегі хал-жағдайымен хабардар болды. Білім бағыты бойынша жауапты қызметкер Нұрымжан Жұмағазиев төтенше жағдай кезінде өткізілетін онлайн іс-шаралармен таныстырып, студенттерді белсенді қатысуға шақырды.

Онлайн форматта өткен іс-шаралар аясында Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің менеджері Алжан Шарифов «Жас қазақ» халықаралық жастар ұйымының тұжырымдамасы, мақсат-мүддесімен таныстырып, өткізілетін іс-шараларда белсенділік танытуға шақырды. Сондай-ақ «Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ төраға орынбасарының кеңесшісі Қарлығаш Бекпатшақызы Қазақстанның әр өңіріндегі Фронт-офистердің жұмысын таныстырып, жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндірді.

Жас қандастармен өткен әр жиналыста олардың мәселелері жан-жақты қаралып, сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

Қандас студенттермен онлайн кездесулер өтті