«Тúrkistan» газетінің қандастарға арналған «Atajurt» айдары таныстырылады

18 Қазан, 2020

2020 жылы 23 қазан сағат 15:00-де «Отандастар қоры», Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Халықаралық Тúrkistan газеті бірлесе отырып, алыс-жақын шетелдерде тұратын қандастармен онлайн кездесу өткізеді.

Аталған онлайн шарада алыстағы ағайынмен рухани-мәдени һәм ақпараттық байланыс орнату және Тúrkistan газетінің қандастарға арналған «Atajurt» айдары таныстырылады деп жоспарлануда.

Жүздесу Zoom платфомасында өтеді. Осыған байланысты алыс-жақын шетелде тұратын барша қандастарды шараға қатысуға шақырамыз!

Айта кетейік, Халықаралық túrkіstan газеті – Ел іші мен шетелдегі жаңалықтарды ойлы оқырманға ұсынып келеді. Газет журналистері жазған мәдениет, таным, тарих сондай-ақ, білім, еңбек рыногы, көші-қон, қандастар мәселесі жөніндегі мақалалар жиі жарияланып тұрады. Газеттің https://turkystan.kz/ сайты мен https://www.youtube.com/ желісіндегі Turkistan International Political Weekly каналы арқылы оқырмандар өздерін қызықтырған мәліметтермен таныса алады. Қазақстандық БАҚ-та жаияланбаған шетелдегі жетістікке жеткен қандастарымызбен сұхбаттар тұрақты жарияланып отырады.

«Тúrkistan» газетінің қандастарға арналған «Atajurt» айдары таныстырылады