Болат Бопайұлы: Серік Қашықбайұлы хақында

11 Мамыр, 2020

Серік Қапшықбайұлы өлең сөз өнеріндегі өз орнын өзі жазды, өзін - өзі бағалады, өз бйігін өзі түрақтады. Елден, сыншыдан бағалау дәметпеді. Ел езуінен сөз жырып әкетпеді.

Атам қазақ " Өзін- өзі білген - әулие" деуші еді. Секең әулие ақын болды. Енді оны Секеңнен асырып, басқадан жасырып ешкімде айта алмайды.

Мен Секеңнің бар өлеңін, нар өнерін түгел бағалап бағамдайын деп отырғам жоқ. Ол -қазылмаған қазыналы кен. Оған терең зертеу, жан жақтылы үңілу керек. Білікті , білімді , көреген көзді, көсем сөзді  сүңғыла сыншы керек. Секеңнің көк мүхиттай өлең өнер жолына талықпай жүзетін алып кеме керек. Сөз өнерінің інжулерін сүзіп , көркем сөздік жасау керек. Сода ғана Секең өлең өнерінен үлкен оқулық шығады. Ол алдағы күндер күткен күңгеиі жарық, көлеңкесіз күндердің еншісінде...
    
           Онда ,сіз ,не айтасыз дейсіз- ау.
           Мен ,Секеңнің ,екі тамшы өлеңінен , өлең түимесінен екі ауыз сөз ағытам. Өзін- өзі бағалаған бағалы көзқарасын айтам.

               Ол не?
               Ол- өлең.
               Өлең болғанда да , Секең жазған -сері өлең. Ер көкіректен туған -ер өлең. Көп адам өзі туралы айтудан жасқанады, айтса да мақтанады, марқаияды. Кемістігін айта алмайды, батылы жетпейді.

      Неге?
      Намысыңды арыңа еге.
      Көп адам кемістігін неге жасырады ?
      Ол өзінің өмірге жарамсыздыгын жасыру үшін жасырады. Түкке түрғысыз мақтау пердесі астында , сана қараңғылығында , көлеңке өмірде , кемістігі мен жарамсыздығын жасырып өтеді. Жарыққа шығармайды. " Бөрі арығын білдірмес , жүнін сыртқа қампаитып" деген тәмсілдің тігісінде тіркіс тікенек ой жатыр.

       Біздің ,Секең, соның бәрін біледі, соның нәрін қырандай қалқып іледі. Түгінен түбіне деиін түсінеді. Ар кеудесі арайлы аппақ таңдай өлең шүғыласын жарқыратып төгіп түрады. Бырақ соған бола  желдетіп желкен көріп желпілдемейді. Асып асқақтап сөйлемейді. Оның бәрі ,Секеңе, жат мінез. Жатаған ой. Шабан шау шардақ сезім. Тоған қиял.

     Жа, Секең өзі айтсын . Біз тың құлақпен тыңдайық:

       Уытын жайып іскіше,
       Өзгнең шықса атағы.
      Атағым менің күшікше,
      Үйшігінде жатады.
        
                            ( Серік Қапшықбайұлы)
     
      Міне, бұл арпылдаған қарақасқа -ой емес. Еркелеген күшік -ой. Күшік сөз. Жағымды жатаған харектір ( Мінез) , жылы жырлы сезім.

        Олда емес.
       Елік ойдан еркелеп есіп шыққан ,еркін ерке , есіл сөз. Бота мүсін, қүлын образ. Қандай ой, қандай сөз болса да, төл сүйкімінен сүрінбей туған сүмбіле сұлу сөз. Тыйанағы түрақты, тақымы мықты жымынан жығылмас сөз,  ой қыиясынан қүламас сөз,  қиял қыиырынан қыирамас сөз.  Аиясынан айнып бүзылмас ой. Өлең бйігіндегі алқарын алдырмас  бой.

        Жа, көк сойяудай уытын жайып өзгелер атақ шығарса, Секеңнің атағы күшіктей еркелеп үйшігінде жатады. Сүп- сүйкімді күшік. Атақ үшін арпылдап үрімейді. Толып томпыйып үйшігінен көзге көрінеді. Жып- жылы болып жанға сезіледі. Оны көрен , білгеннің жүрегі жылып езіледі.

         Бұл не?
         Бұл - Секең шеберлігінің шетсіз, шексіз , шегерасыз ойының,  бөгеусіз жөңкіген ақ толқын өлеңінің  - өнер өзені. Қарапайым қағыидадан қарқынды ой өргізеді, мыңды бірге жыинап , біріктіріп бір шумақтан шүғылалы өмірін білгізеді. Хан ойдан емес, қараша ойдан тағылым өргізеді. Ардан жаралған ақыл емшегін емізеді.

     Иа, Секең өзінің жан сыздатқан, жүрек мүздатқан қараңғы қалтарыстағы мұңды сырын, жүдеу сезімін сырбаз ойға тоғытады, сұлу обыразбен бейнелейді. Махаббаттың нәзік қылпылын майдан қылшық сурғандай майда сөзбен мамыражай етіп жазады:

    Жарты есіктей тар болсам,
    Аш сыңарын есілім.
    Мазасыз бір жан болсам,
     Етші маған кешірім.

                           ( Серік Қапшықбайұлы)

       Әне, көңіл көк есігінің жартысын есіл жарына аштырады. Үп еткен назды жарының өкпесін, өзінің мазасыздығынан тапқанын молынан мойындайды. Кішірейіп кінаратына кешірім сүрайды. Ұлылық белгісі- кішілік, кішілік белгісі- кісілік деген талғаммен өз табйғатының таған тасынан танытады.

     Бәрінен абзалы. Ақ жаңқадай жарыла жырлайды. Мүләйім сөзден мүсінді сыипаттар жасайды. Сол арқылы жүректің қүпия жолын табады. Қызық сыр тауып айтады. Көңілдің көпірік көбігіне берілмейді. Жар назын ар назына айналдырады , ақ жарма ақ тілектің алтынға айналған асыл бесігінде тербетеді. Өлеңнің жауһазын алқанында әлдилеиді. Жеп- жеңіл наз буында буланып буы бүрқырап отырған асыл жарын , жалындап жанып түрған жан сырының жарты есігінен еркелетіп кіргізіп алады. Жабылған жарты есікті де , жан жарына еркелтіп түрып ашқызады.

      Иа, Секең өлеңдерінің селдеп төгілген сері сылаң түстарынан мүндай ару сыипаттар, ай маңдай дөңгеленер керім кездері көптеп кездеседі. Ғасыр қүлашты, әлем тынысты, өнер ырысты, арда ақын қашанда , арда ойымен өлең емшегін суалдырмай келеді.

         Секең, аз өмірінде еңіреген жылауық өлең жазбады, боқ мүрын ой айтпады, боздауық образ жасамады. Сезімді жүдетпеді, қиял қанатын қырықпады, сенім арын семдірмеді. Қайта теңіз ойға ине шөктіріп жіберіп, оны озғын ой ирімінде сабақтады. Қалт кеткен қателігін, қанжар тілдің қандаурымен қатал шабақтады. Ылғй да дүрыс жүру жоқ екенін, бырақ бүрыс  қашанда дүрыстың тезі, ізгі анасы екенін анық танып жетті. Басқаларғада бас бармақтай жеткізді. Сүйтіп шалыс басқан шалдыққан адамдарға өз жүрегінің жарық сәулесін түсіре білді. Ақыл қоржынынан алып арлы ой бере білді.

        Секең, өлеңдеріндегі отты идеия, ақыл дәрия ар қазығына мықтап байланған дұлдұл ойдың түңкелі туындысы еді.  
         Әне, Секеңді көп қаламгердер қара оздырған да, басқалардың қызғанышын қоздырған да , оның жемісті ағаштай йліп, дән мен мәнге толып толықсып түрған тоқ бүиір өлеңдері еді.

        Секең - өлең сөз өнер өлкесінде өзіне тән меншікті жайлауы бар, жайлы қыстауы бар қырау бас ақын. Төлдеулі үрпақты өлеңі бар, дара дана , санасы сара дағыл жолды ақын. Оны бүгінгі қабырғалас қаламдастары тегіс мойындайды.

       Секеңдегі хас бір ерекшелік, ешкімге үқсамайды. Өлеңінде қанқүртай қазып  қақсамайды. Беталды біреуді жақтамайды,өтірік өрекпіп мақтамайды.орынсыз боқтамайды.

     Керемет керім өмірден ойып алады, көркем көсем тірлікті   көсіліп көрсетеді. Қазыналы ойды қазып жазады, қаспақты дүнинні қасып айтады. Айһайламайды, үрандап улап - шуламайды. Сырғып ағып жатқан сыр дариядай сұлулықпен жеткізеді. Міне, Секеңе тән өнер истилі деген осы

        Жа, Секең өлеңдері әр кеудеден, ар кеудеге алтынның буындай бүрқырап ,көшіп жатады. Көшкен жерден көзді бұлақ болып сусынды қандырып жатады. Рухты көтеріп, сезімді семіртіп , ойды оиятып жатады.
       
       Тоқ етерін айтқанда :
       Серік Қапшықбайұлы жазған өлеңдері руханй дүниенің кәусәр бал бұлағы , сұлу сырдың сыр қүлағы , оисыл ойдың ту түрағы , сөз өнерінің  жарқырап жанған бір шырағы, өлең өнерден озып келген бір пырағы, лиркалық - пилофсопиялық өлеңмен өру шыңының бір тұрағы  деу керек.

Болат Бопайұлы 20. 01. 2000 жыл. Алматы. Ескі естелік дәптерімнен,

Болат Бопайұлы: Серік Қашықбайұлы хақында