«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» халықаралық байқауының «Абай мұрасы» номинациясына (Қазақстан халқының мәдениеті, тарихы мен салт-дәстүрлері туралы) қатысуға шақырамыз!
Бас ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.
«Отандастар қоры» КЕАҚ байқаудың «Абай мұрасы» номинациясы бойынша серіктесі атанды.
Материалдарыңызды 2025 жылғы 15 тамызға дейін мына электронды мекенжайға жіберіңіз: mediacontest2025@mfa.kz
Байқауға 2024 жылғы 1 тамыз бен 2025 жылғы 1 тамыз аралығында шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар қабылданады.
Жеңімпаз Астана қаласына сапар жасап, мазмұнды мәдени бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне және «Отандастар қоры» КЕАҚ тарапынан арнайы марапатқа ие болады.
Байқау нәтижелері 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін жарияланады.
Толық ақпарат үшін:
+7 775 510 5191
«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының қатысу ережелері