Мадрид қаласында өтетін мерекелік концертке шақыру

Кеше
  • Қадірлі отандастар!
  •  
  • Сіздерді ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Астана күніне орай, Қазақстан Республикасының Испаниядағы мәдени бағдарламасы аясында 11–12 шілде күндері Мадрид қаласында өтетін мерекелік концертке ерекше ықыласпен шақырамыз!
  •  
  • Концертте «Арқайым» нео-этно-фолк тобы, Түркістан облысы Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония өнерпаздары, «Тұмар» фольклорлық ансамблі және «Фараб» би ансамблі өнер көрсетеді. Сонымен қатар, іс-шара аясында «VK Kerbez» қазақстандық этно дизайнерлердің сән көрмесі өтеді.
  •  
  • 📅 11 шілде 2025 жыл, сағат 19:30
  • Өтетін орны: Centro Cultural Carril del Conde
  • 📍 C. Carril del Conde, 57, Hortaleza, 28043 Madrid
  • 🔗 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/uhgqmzikaB6Pbi7UA
  •  
  • 📅 12 шілде 2025 жыл, сағат 17:30
  • Өтетін орны: Centro Cultural Casa del Reloj (Auditorio)
  • 📍 Paseo de la Chopera, 6–10, 28045 Madrid, Испания
  • 🔗 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/4ZnZaQba27gkS6iV8
  •  
  • 🎟️ Кіру тегін.
  • ‼️ Алайда, орын саны шектеулі, сондықтан алдын ала тіркелу міндетті.

 

Мадрид қаласында өтетін мерекелік концертке шақыру