Байқауға 12-17 жас аралығындағы шетелде тұратын этникалық қазақ балалар қатыса алады;
Байқауға кез-келген қазақ әндерін орындауға болады.
Қатысушы жеке өнер көрсетуі тиіс;
Қатысушы бейнежазбасын жібере отырып Отандастар қорының әлеуметтік желілерінде жариялануына келісім береді;
Бейнежазба ұзақтығы 1-5 минут аралығында болуы қажет;
Бейнежазбаның сапасы жоғары, дауыстың анық естілуі міндетті;
Қатысушы жанды дауыста өнер көрсетуі керек;
Киім үлгісінде қазақы элементтер болуы тиіс;
Байқауға қатысу үшін oqbaiqau@gmail.com эл-поштаға немесе +77471783938 telegram номеріне 1 сәуір 2025 жылға дейін ән айтқан бейнежазбамен қоса келесі ақпаратты жіберуі тиіс:
Толық аты-жөні,байланыс нөмірі, мемлекеті, туған жыл, ай, күні.
Байқаудың бас төрешісі «Qazaqstan дауысы» мегажобасының жеңімпазы - Мұса Марат.
Үздік 10 қатысушыға «Жас қазақ - 2025» жазғы этно лагеріне
жолдама беріледі.
Жолдама қатысушылардың 2 апта лагерьде білім алуын, жатын орнын, тамақтануын және әртүрлі іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді. Лагерьге келу және қайту жол қаражаты қатысушының
өз есебінен төленеді.
ЕСКЕРТУ: Отандастар Қоры 2019-2024 жылдары ұйымдастырған “Жас Қазақ” лагеріне қатысқан қатысушылар байқауға қатыса алмайды.