Халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауының толық ережесін қарау үшін басыңыз: «Әлқисса»
Қатысу мерзімі:
Өтінім қабылдау: 1 ақпан – 20 наурыз 2025ж.
Қазылар алқасының қарауы: 21 – 26 наурыз
Жеңімпаздарды марапаттау: 1 сәуір, Астана қ.
Қатысу шарттары:
Жас санаты: 12-17 жас және 18-25 жас
Н.Тілендиевтің күйлерінің бірін орындап, бейнежазба жолдау
Бейнежазбамен қоса қатысушы өзі туралы қысқаша ақпарат пен шетелдік азамат екенін растайтын төл құжатын жолдайды
Өтінімдер Oqbaiqau@gmail.com немесе +77471783938 (Telegram) арқылы қабылданады.
Бейнежазбаға қойылатын талаптар:
Ұзақтығы 1 минуттан кем емес, 5 минуттан көп емес
Күй басталмас бұрын:
-Амандасу;
-Аты-жөні, жасы және тұратын елі туралы айту;
-Орындайтын күйінің атын айтуы қажет.
Бейне мен дыбыс сапасы жақсы болуы тиіс
Киім үлгісі: қазақша
Қатысушы өз бейнежазбасының әлеуметтік желілерде жариялануына келісім береді
Орындауға болатын күйлер:
«Алтын дән», «Ата толғауы», «Аңсау», «Темірбектің төкпесі», «Әлқисса», «Баламишка», «Аққу», «Көңілді бикеш», «Теріс қақпай», «Арман» және Н. Тілендиевтің нұсқасындағы халық күйі «Ақсақ құлан».
Сыйлықтар:
18-25 жас санаты:
Гран-при: 400 000 теңге, Домбыра, Кітап
1-орын: 250 000 теңге, Домбыра, Кітап
2-орын: 100 000 теңге, Домбыра, Кітап, Шапан
3-орын: Домбыра, Кітап, Тоғызққұмалақ
12-17 жас санаты:
1-орын: Ноутбук
2-орын: Планшет
3-орын: Смартсағат
ҮЗДІК-10 қатысушыға «Жас қазақ» этно-лагеріне тегін жолдама