«Абай тағылымы» авторлық әдеби туындылар байқауы

Кеше

 

1. Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері

- Шетелдегі қазақ ақын-жазушылары мен зерттеушілердің шығармашылығындағы Абайдың идеялары мен ой-тұжырымдарының көріністерін зерттеу.

- Қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер аясында Абай тағлымының өзектілігін көрсету.

- Абайдың әділет, махаббат, білім, еңбек, қазақи құндылық тақырыптарын қамтитын туындыларының шетелдегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларында көрініс табуына ықпал көрсету.

- Абайдың шығармашылығына арналған жинақ дайындау арқылы оның философиялық және әдеби мұрасының өзектілігін дәріптеу.

- Шетелде тұратын этникалық қазақ қаламгерлерінің  шығармашылығына қолдау көрсету.

 

2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтінім мен қатысушылардың жұмысы 2025 жылдың1-мамырына дейін қабылданады.
  2. Өтінімдер Астана қаласы, Д.Қонаев көші, 12/1 үй, «Отандастар қоры» КеАҚ мекенжайына немесе otandastar2025@gmail.com  электронды поштасына жіберілуі тиіс.
  3. Конкурсқа 16 жастан асқан кез-келген ұлты қазақ шетел азаматтары, шетелде тұруға ықтияр хаты бар ҚР азаматтары және Абайтанушы шетелдік азаматтар қатыса алады.
  4. Қатысушылар жұмысымен бірге өздері туралы мына ақпараттарды міндетті түрде жолдауы керек: аты-жөні, мемлекеті, жасы, байланыс телефондары.
  5. Қатысушының жұмысы «Word» немесе «PDF»  форматында (шрифт  Times New Roman, кегель 14, жоларалық интервал - 1) болуы керек.
  6.  Автор конкурсқа жұмысын жібере отырып, авторлық құқықтың берілуіне кепілдік береді.
  7. Автор ұйымдастырушылардың туындыларды (толық және/немесе ішінара) бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, интернет-ресурстарында жариялауына рұқсат береді.
  8. Автор ұйымдастырушыға қаржылық талаптар қоюдан бас тартады.
  9. Қазылар алқасы байқау келгентуындыларды бағалау және Байқау жеңімпаздарын анықтауды 2025 жылғы 10 мамырға дейін жүзеге асырады. Қазылар алқасының шешімі «Отандастар қоры» КеАҚ ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жариялайды.

 

3. Қатысушылардың жұмысын бағалау критериялары
 
Қазылар алқасы байқауғатүскен жұмыстарды төмендегі критериялар бойынша бағалайды:
- конкурстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес болуы;
- жоғары моральдық - этикалық және гуманистік құндылықтарды құрметтеу талабына сәйкес жазылуы; 
- әдеби, ғылыми жазу тілінің стилі, мазмұндылығы, тақырып ерекшелігі, көркемділігі мен шынайы деректілігі;
- Қатысушылардың жұмысының түпнұсқалығы;
- шығармаларда фото-материалдар болған жағдайда сапалы болуы.

 

4. Байқау мерзімі

          Байқау 2025 жылғы 15 қаңтардан 1 мамыр аралығында өтеді.

 

 

5. Байқаудың жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

Конкурс жеңімпаздарының шығармалары жинақталып, баспа түрінде жарық көріп, электронды форматта сайттар мен әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшіліктің назарына ұсынылады.Сонымен қатар, жинақтың тұсаукесер рәсімі өткізіледі.

 

«Абай тағылымы» авторлық әдеби туындылар байқауы