«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық комиссиясы І отырысының хаттамасынан үзінді

12 Маусым, 2019

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Қоғамдық комиссиясы І отырысының ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

2019 жылғы 3 маусым, Сағат 16.30

Қатысқандар:


ҚР Ақпарат және қоғамдық  даму вице-министрі – М.Әзілханов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Қ.Лама Шариф, «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның (әрі қарай - Қоғам) қызметкерлері, Қоғамдық Комиссиясының мүшелері (тізім бойынша)

КҮН ТӘРТІБІ:

1.    «Отандастар қоры» қоғамы жанындағы Қоғамдық комиссияның міндеттері туралы - «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Н. Әбіқаевтың алғы сөзі;
2.    «Отандастар қоры» қоғамы қызметінің таныстырылымы - «Отандастар Қоры» КЕАҚ вице–президенті М. Сарбасовтың баяндамасы;
3.    Қоғамдық комиссияның құрамын бекіту;
4.    Комиссия төрағасын сайлау;
5.    Қоғамдық комиссияның  2019 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау.
_______________________________________________________________

Қоғамдық комиссияның алғашқы отырысында «Отандастар Қоры» КЕАҚ-ның Президенті Нұртай Абықаев, – «Қоғамдық Комиссия, өз жұмысын бүкіл әлем қазақтарын тарихи және этникалық Отаны төңірегінде біріктіру идеологиясын негізге ала отырып, қазақ диаспорасына қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыруға бағыттайтынына сенімдімін. Алдымызда үлкен міндеттер тұр, оларды шешу жолында бірлесіп қызмет атқаруға шақырамын», - деп атап өтті.

Елбасы шеттегі қандастарымызға байланысты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындап берді. Олар шеттегі қандастарымызды жан-жақты қолдау, Қазақстанға көшіп келген ағайындардың бейімделуіне көмек беру және осы жұмыстарды іске асыруда заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету. Осы тапсырмалар аясында Қоғамның қызметінің жалпы ұстанымы белгіленді, 2019-2022 жылдарға арналған Жол картасы жасалды.

Отандастар қорының қызметі жайлы Қоғамның вице–президенті М. Сарбасов 2019-2022 жылдарға арналған Жол картасы аясында жоспарланған жобалармен таныстырды. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, өз жұмысын жобалық кеңсе форматында, қандастарымыз үшін қызмет көрсетудің біріңғай операторы ретінде ұйымдастырады.

Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес, комиссияның құрамы бекітіліп, комиссия төрағасы болып, бір ауыздан Мемлекеттік қайраткер, саяси ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы сайланды.

Комиссия мүшелерінің ұсыныстары негізінде 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Комиссия отырысының күн тәртібінде белгіленген барлық мәселелер қаралып, комиссия мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар тыңдалып, хаттамаға енгізілді.

«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық комиссиясы І отырысының хаттамасынан үзінді