"Балбырауын" онлайн домбыра байқауы жарияланды
                            
                                
                                
                                                                        
                                                                     
                                
	- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің 90 жылдығына орай «Отандастар Қоры» КеАҚ және Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі бірлесе қазақ диаспора балаларына арналаған онлайн домбыра байқауын жариялайды.
 
	-  
 
	- Байқау шарттары:
 
	- - Qazalem порталына тіркелу.
 
	- - Байқауға 12-17 жасар шетелде тұратын этникалық қазақ балалары қатыса алады.
 
	- - Байқауға қатысушы барлық қазақ күйшілерінің туындыларын орындауына болады.
 
	- - Бейнежазба 1 минуттан кем емес 5 минуттан көп емес болуы қажет
 
	- - Бейнежазбаың сапасының жақсы болуы, дауыстың анық естілуі және киім үлгісінде қазақша элементтер болуы міндетті.
 
	- - Бейнежазбамен қоса қатысушының толық аты жөні, байланыс номері, мемлекеті және және жасы туралы қысқаша ақпарат Oqbaiqau@gmail.com эл-поштаға 15 сәуірге дейін жіберілуі тиіс.
 
	- - Қатысушылардың бейнежазбасы Отандастар қорының әлеуметтік желілерінде жарияланады.
 
	-  
 
	- Жеңімпаздарды анықтау:
 
	- Қазылар алқасы құрамына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің домбырашылары және «Отандастар қорының» қызметкерлері қатысады.
 
	-  
 
	- Үздік 5 қатысушыға 2024 жылы өтетін «Жас қазақ» жазғы этно лагеріне тегін ЖОЛДАМА беріледі.
 
	-  
 
	- ЕСКЕРТУ: Қазақстан азаматтары және "Отандастар Қоры" КЕАҚ-тың 2019, 2022, 2023 жылы ұйымдастырған жазғы лагеріне қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.
 
.jpeg)