«Арманымдағы Атажұрт» эссе жазу байқауына қатысып, «Жас Қазақ» жазғы этнолагеріне жолдама жеңіп ал!
                            
                                
                                
                                                                        
                                                                     
                                
	- TÚRKISTAN халықаралық газетінің 30 жылдығында орай “Отандастар Қоры” КеАҚ және TÚRKISTAN халықаралық газеті шетелдегі этникалық қазақ балалары арасында эссе жазы байқауын ұйымдастырады.
 
	-  
 
	- Байқау шарттары:
 
	- – Байқауға 12-17 жастағы шетелде тұратын этникалық қазақ балалары қатыса алады.
 
	-  
 
	- Шығармашылық жұмысқа қойылатын талап:
 
	- – Эсседе Қазақстан, атажұрт дегенде не елестейтінін, ел келешегін қалай көретініне басымдық беру керек.
 
	- – Эссе қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
 
	- – Эссе 2,5 беттен (шамамен ) кем болмауға тиіс.
 
	- – Қаріп өлшемі – 14, Times New Roman.
 
	- – Эссе ішіне авторлық өлеңдер қосуға болады.
 
	- – Эссе PDF форматында болуы қажет.
 
	- – Қатысушының суреті, толық аты-жөні, жасы, мемлекеті туралы ақпарат 2024 жылғы 15 мамырға дейін oq.govkz@gmail.com эл-поштаға жіберілуге тиіс.
 
	-  
 
	- Үздік 10 қатысушыға 2024 жылы өтетін «Жас қазақ» жазғы этнолагеріне тегін ЖОЛДАМА беріледі. Соның ішінен ең үздік деп танылған 3 баланың эссесі TÚRKISTAN халықаралық газетіне басылып шығарылса, қалған 7 жұмыс TÚRKISTAN газетінің ресми сайтында жарияланады. Сондай-ақ TÚRKISTAN ұжымы үздік деп танылған 10 қатысушыға атаулы сыйлықтар ұсынады.
 
	-  
 
	- ЕСКЕРТУ: Бұл байқауға Қазақстан азаматтары және «Отандастар Қоры» КЕАҚ-тың 2019, 2022, 2023 жылы ұйымдастырған жазғы лагеріне қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.