«Рухты елдің ұрпақтары» атты V халықаралық жас ақындар мүшәйрасы
05 Наурыз 2024
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2024 жылдың 15 наурызы күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменті мен Гуманитарлық факультеті қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұлғаларға тағзым» бағыты негізінде Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «РУХТЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҚТАРЫ» атты V халықаралық (шетелдік студенттердің қатысуымен) жас ақындар жыр мүшәйрасы өткізіледі.
Негізгі мақсаты:
1) Тұлғалар өткен сара жолдың мәнін түсіндіре отырып, ОТАН, ЕЛ, ТУҒАН ЖЕРІН сүюге, құрметтеп, қорғай білуге баулу және жастардың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
2) С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын дәріптеу.
3) Дарынды жастардың ақындық өнерін дамыту, шыңдау, ынталандыру, қолдау.
Мүшәйраның бағдарламасы:
Шетелде тұратын отандастарымыз онлайн форматта қатыса алады!
09.00-09.45 – Мүшәйраға қатысушыларды тіркеу.
10.00-12.00 – Мүшәйра.
12.00-12.30 – Концерттік бағдарлама.
12.30-13.00 – Мүшәйра жеңімпаздарын марапаттау.
13.00-14.00 – Түскі ас
14:30-17:30 – С.Сейфуллин мұражайына және Астананың көрікті жерлеріне саяхат.
Тақырыбы:
1) Отан, ел, туған жер тақырыбына арналған бір өлеңін;
2) Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде 1 арнау өлеңін;
3) Еркін тақырып бойынша бір өлеңін жолдауы қажет.
Ескерту: Қатысушы мүшәйрада Сәкен Сейфуллинге арнау өлеңін оқуы керек. Автор ұсынған басқа өлеңдер қазылар алқасының алдын ала сараптау қорытындысы негізінде жинаққа енгізіледі.
Мүшәйраға келу мүмкіндігі болмаған жағдайда автор өлеңдерін алдын ала жіберіп, өздері онлайн түрінде қатысуына болады. Мүшәйраның идентификатор және паролі 1 күн бұрын қосымша хабарланады.
Жолданған шығармалардың әрқайсысы 6 шумақтан кем болмауы керек
Мүшәйраға 17-21 жас аралығындағы жоғары оқу орындарының студенттері қатыстырылады.
Жеңімпаздарға бағалы және ынталандыру сыйлықтары табысталып, алғыс хаттар беріледі.
Бас жүлде 1 (біреу);
І орын 1 (біреу);
ІІ орын 2 (екеу);
ІІІ орын 3 (үшеу).
Рәсімдеу шарттары:
1) Өтінім парағын толтыру (2 қосымша), қатысушының жеке куәлігінің көшірмесін, 9х12 (кәсіби түсірілген) фотосуретін қоса жіберу;
2) Өлеңдерін А4 форматты қағазда компьютерде теріп, электрондық нұсқасын 2 дана етіп Word, Times New Roman, кегль 14, аралық интервал 1 нұсқада ұйымдастырушыларға жіберу;
3) Ұсынылған үш өлеңнің жалпы көлемі 5 беттен аспауы тиіс;
4) Бұдан бұрын конкурсқа қатысқан немесе баспасөз бетінде жарияланған өлеңдер қабылданбайды;
5) Мүшәйра шарттарына сай келмейтін өлеңдер қатыстырылмайды, жарияланбайды;
6) Қатысушылардың өлеңдері 2024 жылдың 5 наурызынадейін қабылданады;
7) Қабылданған өлеңдер танымал ақын-жазушылардан құрылған қазылар алқасының сараптауынан өтеді;
8) Қолжазба авторға қайтарылмайды;
9) Мерзімінен кешіктірілген өлеңдер сараптауға жіберілмейді;
10) Қазылар алқасының қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар, ал барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.
Мүшәйра кезеңдері:
1) Іріктеу кезеңі: наурыздың 4-і мен 7-і аралығында ұсынылған өлеңдер қазылар алқаларымен сұрыпталады. Іріктеу кезеңінен өткен үміткерлерге бас додаға шақыру туралы ақпарат жіберіледі.
2) Бас дода: үздік жас ақын, жүлдегелерді анықтау, марапаттау кезеңі.
Қазылар алқасының бағалау талаптары:
Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың ақындық өнеріне, сөз саптауы, тілдік қолданысына, өлең ұйқасына, ой тереңдігі мен жүйелілігіне, сөз көркемдігіне, астарлы мағынасына, поэзияны оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына, сахна мәдениеті мен киім үлгісіне назар аударады.
Мүшәйраның қорытынды нәтижесі ретінде қатысушылардың өлеңдер жинағы баспадан шығарылып, университет сайтында жарияланады.
Ұйымдастыру алқасы:
Астана қаласы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменті мен Гуманитарлық факультетінің қазақ және орыс тілдері кафедрасы.
Жауаптылар және байланыс телефондары:
Тлеулесова Ардақ Шайкенқызы, п.ғ.к., қауымд. профессор
тел.: 8 777 249 5696;
Тоқсанбаева Тілектес Жанабергенқызы, ф.ғ.к., доцент
тел.: 8 701 470 1945,
Ерсаинова Асель Бауыржановна, г.ғ.м., оқытушы
тел.: 8 702 387 3833, эл. почтасы: asel_ersainova@mail.ru
1-қосымша
Өтінім парағы
Қатысушының тегі, аты-жөні:
Фотосуреті (классикалық үлгіде киінген, кәсіби түсірілген болуы керек, қол телефонмен түсірілгені жарамсыз)
Тұрғылықты мекен-жайы:
Оқу орны, мамандығы, курсы
Оқу орнынан оқитыны туралы анықтама
Өлеңдерінің атаулары (3 өлең)
1.ОТАН, ЕЛ, ТУҒАН ЖЕР тақырыбына арналған бір өлең;