📣«Отандастар қоры» КеАҚ (бұдан әрі Қоғам) - Шетелдегі қазақ - мәдени орталықтарын ұлттық киіммен, ұлттық музыкалық аспаптармен және қолданбалы өнермен қамтамасыз ететін «Дәстүрлі қоржын» жобасына өтінімдер қабылдау басталғандығын хабарлайды.
🖇️Қоржында қазақы құндылықтарымызды дәріптеп, ұлтқа қызмет етіп жүрген шеттегі қазақ-мәдени ұйымдарға арналған ұлттық аспаптар, сапасына сәні жарасқан ұлттық нақыштағы киімдер, кітап және басқа да бұйымдар бар.
📌Өтінім білдірушіге қойылатын басты талаптар:
✅Шетелдегі қазақ мәдени орталықтары және қазақ диаспорасымен байланысты ұйымдар ( ресми тіркелген ұйымдар)өтінім білдіре алады;
✅«Отандастар» Қоғамының otandastarqory01@gmail.com эл.почтасына арнайы өтініш хат жазу;(өтінімде қазақ мәдени орталығына қажетті базалық материалдық құндылықтарды көрсету. Мысалы: мемлекеттік ту, домбыра, үкілі тақия т.б)
❗️ Дедлайн 22 наурызға дейін
Ақпарат ретінде: Қоғам 2023 жылы «Қоржын» жобасын іске асыру барысында 10 елдегі 26 қазақ - мәдени орталыққа 100 дана – ҚР Мемлекеттік туы, 390 дана – ұлттық киімдер және 84 дана – ұлттық саз аспабы табыстады.
#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar