2024 жылы Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндерге қазақ тілін, Қазақстан тарихын және оның Конституциясын білу талабы қойылды. Емтиханнан сүрінгендер азаматтық ала алмайды. Алайда жақында ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтық алу талаптарын жеңілдетуді, атап айтқанда қазақ тілі бойынша шекті ұпайды төмендетуді ұсынды.
Осы орайда Информбюро порталы Қазақстан азаматтығын алу шарттары, қажет құжаттар, емтиханның шекті балы туралы түсіндірме әзірледі.
№1. Қазақстан азаматтығын кім ала алады?
Қазақстан Республикасының азаматтығын мына тұлғалар ала алады:
№2. Азаматтық алуға қандай талаптар қойылады?
Алайда кәмелетке толмағандардан, әрекетке қабiлетсіз адамдардан, елге ерекше еңбек сiңiрген адамдардан, Қазақстан президентi белгiлеген кәсiп иелерінен және олардың отбасы мүшелерiнен бес жыл тұру керек деген шарт талап етiлмейдi.
Қазақстанда жақын туыстарының бiрi – баласы, жұбайы және ата-анасының бiреуi, апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстанға тұрақты тұруға келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары да Қазақстанда қанша уақыт тұрса да азаматтық алуға тапсыра алады.
№3. Қандай құжаттар қажет?
Азаматтық алу үшін:
Қазақстан азаматымен некелескен шетелдік азаматтық алу үшін қосымша мына құжаттарды тапсырады:
№4. Құжаттарды қайда өткізу керек?
Жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алуға құқығы жоқ және Қазақстан азаматтығын алуға ниет білдірген шетелдіктер тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелеріне өтінішхат беруге тиіс. Өтінішхат ҚР президентінің атына беріледі. Өтініште азаматтық алу себептері көрсетілуге тиіс.
Ішкі істер органдары құжаттарды полиция департаменттеріне тапсырады. Ал олар құжаттарды тексеріп, тұжырымдама жасап, ішкі істер министрлігіне табыстайды. ІІМ ол мәліметтерді өз тұжырымдамасымен бірге ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөліміне жолдайды.
№5. Қандай жағдайда азаматтық жеңілдетілген тәртіппен беріледі?
Қазақстанда қанша тұрса да мына тұлғаларға жеңілдетілген тәртіппен азаматтық беріледі:
Жеңiлдетiлген тәртiппен мына елдердің азаматтары азаматтық ала алады:
№6. Жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алуға өтініш беру үшін қосымша қандай құжаттар қажет?
Жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу үшін облыстардың полиция департаменттерінің бастықтарының атына өтінішхатпен жүгінеді.Құжаттар өтініш берілген күннен бастап үш айдың ішінде қаралады.
Дереккөз: informburo.kz