«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді

16 Тамыз, 2023

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 28-31 тамыз аралығында 12 сағаттық онлайн режімде «Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

Курста отандық және шетелдік әдіскерлер Қазақстан аумағынан тыс жерде тұрып, қазақ тілін үйреніп және үйретіп жүрген қандастарға тіл үйретудегі әдіс-тәсілдерді, әдістемелерді, технологияларды қазіргі кезең талаптарына сай қолдану жолдары көрсетіледі, сандық технологияның көмегімен қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде оңтайлы үйретудің тәжірбиесі ұсынылады. Сондай-ақ сабақ бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдар таныстырылады.

Толық ақпарат: +77027714232

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді