«Отандастар қоры» мен «Ұлттық тестілеу орталығы» ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

09 Желтоқсан, 2020

2020 жылғы 9 желтоқсанда «Отандастар Қоры» КеАҚ пен ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК өзара ынтымақтастық   туралы Меморандумға қол қойды.

Іс-шараға «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Дидар Смағұлов, «Отандастар қоры» КеАҚ Жобалар координаторы Дидар Болат, «Отандастар қоры» КеАҚ Білім бағытының маманы Нұрымжан Жұмағазиев қатысты.

Меморандум аясында Қазақстанға келіп білім алғысы келетін қандастарға Ұлттық біріңғай тестілеу бойынша онлайн байқау сынақтарын тегін өткізу, «Отандастар қоры» ұйымдастырып жатқан қазақ тілінің қатысушыларына  қазақ тілін меңгеру деңгейін Қазтест бойынша тестілеуді ұйымдастыру және анықтау жұмыстары жүргізілетін болады.

«Жыл сайынғы қандастарға берілетін білім грантының 4% квотасын игеру үшін әртүрлі шаралар жоспарланып жатыр. Соның бірі – Ұлттық тестілеу орталығының қолдауымен қандастардың байқау сынақтарының деңгейін көтеру мақсатында тегін әрі алдын-ала онлайн тесттер ұйымдастыру. Жақын арада тест өткізудің ережелерін жариялаймыз. Атамекенімде білім алғысы келетін барша қандастарымызды байқау сынақтарына қатысуға шақырамыз», - деді «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов.

Жиын барысында екі тарап шетелдегі қандас жастардың Қазақстанда білім алуына қолайлы жағдай жасап, осы бағыттағы іс-шаралар жоспарын талқылады.

«Отандастар қоры» мен «Ұлттық тестілеу орталығы» ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды