Елшілік кеңсесінде дөңгелек үстелден тыс Ұлыбританиядағы PhD докторанттар қауымдастығының басшысы Әлия Сембаевамен кездесу өтті. Бұл ұйым тәуелсіз және құрамында 93 докторант бар.
Қауымдастықтың негізгі міндеті ғылыми бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізетін докторанттар мен қазақстандық компаниялар арасында тығыз байланыс орнату. Қауымдастық сонымен қатар, өз миссиясымен Қазақстанда бөлінетін ғылыми гранттарды тартуға көмек көрсетеді. Алайда, Ә. Сембаеваның айтуынша ҚР мемлекеттік органдары қауымдастық қызметіне көңіл бөлмейді. Доктаранттар қауымдастығы ғылыми жобаларын қаржыландыруда Қор мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын сенімді серіктес ретінде көргісі келеді.