«НЗМ» БАҰ

«Назарбаев зияткерлік мектептері» БАҰ барлық қатысушысы өз дамуын жоғары өнегелі құндылыққа, мәдениетаралық өзара түсіністікке және үздіксіз білімге, зиялы қоғамдастық тәрбиелеуге бағыттаған. Білім беру мекемесі үйлесімді дамуға мүмкіндік беретін білім беру мен оқытуды қамтамасыз етуге ұмтылады және айналасында төзімді әлем қалыптастыруға бағыттайды.

«Отандастар Қоры» КЕАҚ «Назарбаев зияткерлік мектептері» БАҰ-мен шет елдегі қазақ диаспорасының балаларына арнаалған Жазғы лагер жобасы аясында серіктес. Мектеп жазғы лагер базасы ретінде білім беру мекемесінің төмендегідей құндылықтары негізінде таңдалды. 

  • Патриотизм (Отанға сүйіспеншілік, елінің жетістіктерін мақтан тұту, халықтың тілі мен мәдениетін дамытуға ұмтылу);
  • Ұлттық бірдейлік (ұлтаралық өара қарым-қатынастардың мәдениет сақтау, дәстүр мен салттарды сыйлау, төзімділік);
  • Үйлесімді даму (өз үйлесімінде өмір сүретін, жан жақты дамыған тұлға);
  • Белсенді азаматтық ұстаным (адамның қоғам өміріне саналы қатынасы, елі мен халқына пайдалы болуға тырысу, өз ойын, өз көзқарасын лайықты айта білу);
  • Эмпатия (уайымды бөлісе білу);
  • Болмысын көрсету (ар-ожданнан аттамай, әлемге қарым-қатынасыңды таныта және көрсете отырып ішкі әлеміңді дамыту);
  • Еңбекқорлық (еңбекқорлықты, жауапкершілікті, тыңғылықтылықты қалыптастыру).

«Назарбаев зияткерлік мектептері» БАҰ Басқармсының Бас директоры - Испусинова Светлана Бағытқызы


«НЗМ» БАҰ

Кері байланыс

Записаться