Қазақпарат

ҚАЗАҚПАРАТ - Халықаралық дәрежеге ие болған Қазақстандағы алғашқы ақпараттық агенттік. Агенттік қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде хабар таратады. Кириллицаны оқи алмайтын шетелде тұратын қандастарымыз үшін қазақша жаңалықтар латын графикасы мен арабша төте жазуға аударылады. ҚазАқпаратта өзге отандық ақпараттық агенттіктерде жоқ тілшілер желісі бар. Елдің барлық аймақтарында 15 тілшілер пункті орналасқан. Ресей, Қытай, Түркия, БАӘ, Бельгия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде меншікті тілшілері бар. Бұл елімізде және әлемде болып жатқан жаңалықтарды on-line режимде жедел әрі шынайы таратуға мүмкіндік береді. Бүгінде қазақстандық жаңалық тарататын интернет-ресурстар арасында ҚазАқпарат Үздік ондықтың қатарында. Бүгінгі таңда ҚазАқпарат Facebook, Мой мир, ВКонтакте, Twitter, Одноклассники, Google+, SenKazakh, Instagram, Linkedin, Imgur, MySpace, Yvision, Казах.ru. әлеуметтік желілерінде белсенді жұмыс жүргізеді. 2015 жылдың желтоқсан айында Агенттік ISO 9001:2008 стандарты талаптары бойынша сапа менеджменті жүйесінен сертификаттаудан өтті.  



 «Отандастар Қоры» КЕАҚ және «Казинформ» ХАА төмендегі бағыттар бойынша серіктес болуды қарастырады:


  • Шет елде қазақ тілді БАҚ пен журналистердің Қауымдастығын құру;
  • Қауымдастық құрамына шетелдегімен қатар Қазақстандағы қазақ тілді БАҚ өкілдерін мен журналистерді тарту;
  • Шет елде тұратын және Қазақстанға оралған этникалық қазақтарға мемлекет көрсетіп жатқан қолдау шараларын ақпарат ретінде кеңінен тарауына жәрдемдесу;
  • Шет елдегі этникалық қазақтармен ақпаратық байланысты тереңдету бойынша шаралар қабылдау және оларды бүкіл қажетті ақпаратпен, сонымен қатар басқалармен қамтамасыз ету.



Қазақпарат

Кері байланыс

Записаться