Beeline


Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көшбасшы.

Компания мобилді және тіркелген телефония, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер беру, сымсыз технология негізінде интернетке қолжетімділік, оптоталшықты қолжетімділік, Wi-Fi, сонымен қатар үшінші және төртінші буындағы желіні ұсынады. Beeline қызметтердің стандарты тізбесінен бөлек мобилді қаржы, мультимедиалық сервистер, конвергенттік қызметтер, NB-IOT интернет заттары, сонымен қатар M2M, MDM, E2E шешімдері тәрізді digital-опцияның үлкен мөлшерін ұсынады.  

Beeline Қазақстан Reputation Institute-нің беделді аудитінің орытындысы бойынша елдің ең мәртебелі операторы болып танылды.  

Шетелдегі отандастарымыз бен Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарға бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету жөніндегі әлеуметтік жобаны қолдау аясында байланыс орталығы мен «бір терезе» ұстанымы бойынша қоғамдық қабылдауды қосудың стратегиялық міндетінің әлеуметтік маңыздылығын есепке ала отырып  Beeline мобилді байланыс абоненттеріне 1401 қысқа номері мен 8 800 080 1404, 93 14 04 номерлеріне нөлдік төлем бойынша қоңырау шалуға мүмкіндік беру туралы келісімшартқа қол қойылды.


Кері байланыс

Записаться