ALTEL


ALTEL 2010 жылы республикада бірінші болып 3G технологиясын ендірсе, 2012 жылы ALTEL 4G брендімен Қазақстанда алғашқы коммерциялық LTE технологиясын іске қосты.

2014 жылдың 15 мамырында ALTEL смартфонда LTE технологиясы бойынша мәліметтер беруді жоғарғы жылдамдықта пайдалануға мүмкіндік беретін инновациялық LTE/GSM/UMTS жүйесін іске қосқандары туралы мәлімдеді. Дыбыстық қоңыраулар GSM/UMTS жүйесіне автоматты түрде аударылады.

Алдыңғы қатарлы технологиялар мен жабдықтарға негізделген мультитехнологиялық желі инновациялық функиялар мен жұмыстардың тұтас бөлігін пайдалану мүмкіндігін ұсынады. Мәселен, GSM/UMTS бүкіл желісі жұмыс істейтін аумақта абоненттерге  ALTEL брендінен «HD-voice» технологиясы қолжетімді. Құрастырылған желі VoLTE технологиясы бойынша   LTE үстінен дыбыстық қызмет ұсынуға және  LTE Advanced 4 буындық желісін дамытуға жасалған келесі қадамын іске асыруға дайындалған.                           

2015 жылы ALTEL «Қазақстан 2015 №1 жыл таңдауы» ұлттық байқауы аясында «Телекоммуникация бойынша жылдың үздігі» аталымының жеңімпазы болды».

2016 жылдың наурызында ALTEL Tele2 Қазақстанмен («Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС) бизнесін біріктіріп, бүкіл Қазақстанды 4G желісімен ең кең көлемде қамтып, абоненттік базасын 6,4 млн адамға, базалық станса санын 7 мыңға дейін жеткізді.

2018 жылдың соңында «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС жалпы абоненттік базасы 7,160 млн. адамға жетті.

2019 жылдың мамырында «Қазақтелеком» АҚ біріккен кәсіпорында Tele2 AB мобилді операторының қалған 49% үлесін алып, компанияның жалғыз акционеріне айналды.

«Отандастар Қоры» мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС 2019 жылдың сәуірінде шет елдерде тұратын отандастарды қолдау мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығын құру жобасын дамыту және сапалы жүзеге асыру мақсатында бірлескен қайтарымсыз қызмет көрсету туралы келісімге келді. 


Кері байланыс

Записаться