Кселл

«Кселл» АҚ мобилді дыбыс байланысы, қысқа хабарламалар жіберу қызметтері тәрізді (VAS) қосымша қызметтер, мульти медиалық хабарламалармен алмасу, мобилді контенттің қолжетімділігі қызметтері, сонымен қатар мәліметтер жіберу, оның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметін ұсынады. Компания нарықта аудиториясы корпоративті клиенттерден (оның ішінде мемлекеттік мекемелер де бар) тұратын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағытталған Activ брендімен танымал. Компания іс жүзінде бүкіл ҚР аумағын қамтитын ауқымды жоғары сапалы мобилді байланыс желісі көмегімен қызмет көрсетеді.

2012 жылдың желтоқсанында компания Лондон қор биржасында GDR-ді (жаһандық депозитарлық жазба) және Қазақстан қор биржасында қарапайым акцияларды табысты орналастырды.  Бір GDR үшін баға 10,50 АҚШ доллары және акция үшін 1 578,68 теңге деңгейінде белгіленді. Бұл жерде бір  GDR бір акцияға тең болды. Орналастыруда «Кселл» акционерлік капиталының 25% үлесіне сәйкес 50 млн дана акция сатылды.

«Кселл» АҚ «Отандастар Қоры» КЕАҚ-пен Байланыс орталығы жобасы бойынша келісім аясында мобилді желі абоненттері үшін 1404 номері бойынша 8 800 080 1404, 93 14 04 номерлеріне қоңырауды қайта адрестеу мүмкіндігін ұсынады және осы арқылы шет елде тұратын отандастарды қолдау жөніндегі әлеуметтік мәні бар жобаны жүзеге асыруға қатысады.


Кселл

Кері байланыс

Записаться