Ирандағы қазақ баласы 600 мың оқушыдан озып, президентпен кездесті

06 Қараша, 2021

Иранның солтүстігінде орналасқан Гүлістан облысының Бәндәр-Түркаман қаласындағы «Тизһушан» (Зерек балалар) мектебінің биылғы түлегі Ерфан Көрпе ел президенті Ибраһим Раисидің қолынан үздік көрсеткіші үшін алғыс хат алды.

Бұл туралы Instagram желісіндегі dara_qazaqstan парақшасына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы хабарлайды.

dara_qazaqstan парақшасының хабарлауынша, Иранда жыл сайын ЖОО-ға түсуге конкурс өтеді. Биыл 600 мың бала қатысыпты. Солардың ішінде Ерфан Көрпе 3-орын алған. Үздік ондыққа, жүзікке және мыңдыққа іліккен балалар парсы елінде ерекше бағаланады екен.

Ерфан Көрпе бүгінде Тегеран университетінің медицина және жаңа технологиялар факультетіне оқуға түскен.

Алғаш рет Гүлістан облысынан және қазақ қауымы арасынан осындай көрсеткіш көрсеткен баланы «Һамйаран» қазақ қауымы облыстық деңгейде бір құттықтаса, Тегеран университетінде мемлекеттік деңгейде ел басшысы Ибраһим Раиси мырза екінші рет құттықтады деп жазады newsroom.kz порталы.

Ирандағы қазақ баласы 600 мың оқушыдан озып, президентпен кездесті