«Отандастар қоры» КЕАҚ Халықаралық көші-қон ұйымының Орталық Азия бойынша Субөңірлік үйлестірушісі Зейнал Гаджиевпен кездесті

28 Қазан, 2021

Бүгін Қоғам Вице-президенті Мағауия Сарбасов Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Орталық Азия бойынша Субөңірлік үйлестірушісі, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстандағы миссияның басшысы Зейнал Гаджиевпен кездесті.

«Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов атажұртқа келген және шетелде тұратын қандастарымыз бен отандастарымыз үшін жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Мағауия Қанапияұлы өз сөзінде шетелде тұратын қандастарымыздың Қазақстан Республикасы үшін маңыздылығына тоқталып, көші-қон саласындағы өзекті мәселелерді атап өтті.

Кездесу аясында алдағы жұмыс жоспарының басым бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, «ҚР Үкіметінің шетелдік диаспоралармен өзара іс-қимыл бойынша күш-жігерін қолдау» жобасы жайында өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.  Жиын қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты дамытуға және түрлі іс-шараларды бірлесіп өткізуге дайын екендіктерін жеткізді.

«Отандастар қоры» КЕАҚ Халықаралық көші-қон ұйымының Орталық Азия бойынша Субөңірлік үйлестірушісі Зейнал Гаджиевпен кездесті