«Қазақ тілін үйрету» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтеді

04 Қазан, 2021

ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен “Отандастар Қоры” КеАҚ 2021 жылдың 14-21 қазан аралығында онлайн режимде 12 сағаттық «Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» (2-кезең) тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

Курс спикерлері - отандық үздік қазақ тілін үйрететін оқытушылар мен әдіскерлер. Қазақ тілінің мамандары А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша ана тілі, екінші шет тілі ретінде оқытудың әдістемелік жолдарын көрсетіп, www.abai.institute порталындағы «Қазақша үйрену» арнайы бөлімі бойынша тіл үйрену жолдарымен танысады.

Тәжірибе алмасуға бағытталған шараның соңында оқытушылар мен тіл мамандарына «Тіл-Қазына» ұлттық орталығының біліктілік арттыру сертификаттары табысталады.

Курсқа тіркелу үшін:
+7 776 116 7291 - Айна Алпысбай (Whats App / Telegram)

«Қазақ тілін үйрету» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтеді