Қажымұхан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл!

15 Қыркүйек, 2021

Бүгін Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Отандастар қоры» КЕАҚ және Ақмола әкімдігі бірлесіп ұйымдастыруымен «Қазақты әлемге танытқан Қажымұқан» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтті.

Аталған ғылыми-тәжірибелік конференцияға Мәдениет және спорт министрлігі, мемлекеттік грек-рим күрес федерациясының басшылары, балуанның туыстары, шәкірттері, ғалым-профессорлар, Еуропа, Түркия, Моңғолия, Иран, Қытай мемлекеттерінен арнайы өкілдер мен өзге де азаматтар қатысты.

Конференция аясында «Қазақ спорт тарихындағы Қажымұқанның орны», «ҚР-да балуанның жеңістері мен жетістіктері және бүгінгі күн», «Ұрпақ бойына батыр рухын сіңіру: парыз бен қарыз» мәселелері талқыға салынды.

Қажымұхан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл!