«Қазақстан әлемдік мәдени үдерісте: ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық тәжірибесінен» тақырыбында онлайн-конференция өтті

23 Қыркүйек, 2021

2021 жылғы 23 қыркүйекте «Abai UIi» МІҮ аясында Германия-Қазақстан қоғамымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстан әлемдік мәдени үдерісте: ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық тәжірибесінен» тақырыбында онлайн-конференция өтті.

Онлайн-конференция ақын, дипломат, қоғам қайраткері, 2001 жылдан 2014 жылға дейін ЮНЕСКО-дағы ҚР Тұрақты өкілі, 2013-2022 жылдары мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығын өткізуге бастамашы болған Олжас Сүлейменов пен Алматы қаласындағы ЮНЕСКО қамқорлығымен ҚР мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы директорының орынбасары Айбек Сыдықов және «Отандастар қоры» КЕАҚ президентінің кеңесшісі Қалыбек Қобландинның қатысуымен өтті.

Кездесу барысында Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап БҰҰ-мен және оның мамандандырылған халықаралық мекемелерімен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша белсенді ынтымақтаса бастағаны және 1992 жылғы 22 мамырда оның мүшесі болғандығы айтылды. Сондай-ақ Онымен тығыз ынтымақтастықта Қазақстанда білім беру реформалары жүргізілгені, экологиялық проблемаларды шешу үшін іздестірілгені, жаңа ақпараттық жүйелерді дамыту, тәуелсіз БАҚ қалыптастырылғаны туралы аталып кетті.

Одан басқа, Қазақстан үшін ЮНЕСКО Әлемдік жұртшылықты және мәдениет, ғылым, білім және коммуникация саласындағы ұлттық қозғалыстармен таныстыру үшін бірегей платформаға айналғаны және де Қазақстан бүкіл әлемдік және материалдық емес мұралар тізіміне, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізу үшін үнемі жаңа номинациялар ұсынып отырғаны, ЮНЕСКО-мен өзара іс-қимыл Қазақстанды гуманитарлық ынтымақтастықтың сапалы жаңа деңгейіне шығарғаны және мәдени алмасу спектрін кеңейткені туралы да пікірлер айтылды.

«Қазақстан әлемдік мәдени үдерісте: ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық тәжірибесінен» тақырыбында онлайн-конференция өтті