Стамбұл қаласында Түркия және Еуропада тұратын қандастарымыздың қатысуымен кіші құрылтай өтіп жатыр

23 Қыркүйек, 2021

Бүгін «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ ұйымдастыруымен Стамбұл қаласында Түркия және Еуропада тұратын қандастарымыздың қатысуымен кіші құрылтай өтіп жатыр.

Құрылтай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналып, «Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі» тақырыбында өтуде.

Аталған жиынға Түркиядағы және Еуропа елдерінен арнайы шақырылған қазақ диаспорасының өкілдері қатысуда.

Құрылтай әйгілі спортшы Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақтың ашылу салтанатымен басталды.

Сонымен қатар, Құрылтай шеңберінде «Алыстағы ағайын» фильмі, «Алтын тамырлы Атажұрт» көрмесі, қазақ диаспорасының жастарына арналған қазақстандық жоғары оқу орындарының «Білім көрмесі» ұйымдастырылады.

Стамбұл қаласында Түркия және Еуропада тұратын қандастарымыздың қатысуымен кіші құрылтай өтіп жатыр