2021 ЖЫЛҒЫ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

20 Қыркүйек, 2021

 

2021 жылы екі іс-шара бойынша репатриация және шетелдегі отандастармен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізілді, атап айтқанда:

І іс-шара. Шетелдегі отандастармен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша зерттеулер.

Зерттелген елдер: Ресей, Моңғолия, Иран, Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан.

Он ай бойы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша тарихи отаннан тыс жерде қалған қазақтардың өмірін зерттеу бізге дәстүрлі мәдениетті сақтау мен өзгерту тетіктерін, макроортаның өзара әсерін қадағалауға, этникалық өзін-өзі сәйкестендіруді бекітуге және этномәдени процестердің өзге ұлт ортасында одан әрі дамуына мүмкіндік беретіні анық болды. Осыған байланысты шетелде тұратын қазақтар Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының объектілерінің бірі болып табылады.

Сонымен, бір жағынан, елден тыс жерлерде қазақтардың өмірін зерделеу халықаралық және этносаралық келісімді нығайту үшін негіз қалаушы шарт болып табылады. Екінші жағынан, біздің шетелдік отандастарымыздың өзге ұлттық орта жағдайында бейімделуде және өмір сүруде мол тәжірибесі бар, олар қазақстандықтардың экономикалық менталитетін жаңғыртуға ықпал ете алады, сонымен қатар, шетелдік қазақтар өзіндік қазақ мәдениеті мен тілін білетін тасымалдаушылар болып табылады, бұл қазақ ұлтының рухани «қоржынына» елеулі үлес қосады.

1-міндет бойынша. Шетелдегі қазақтардың этникалық бірегейлігін сақтау мәселелерін зерделеу ‒ салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды сақтау, ұлттық тағамдар және т.б.

Зерттелген материалдың негізінде жалпы алғанда, Ресей қазақтарының ерекшелігі адамгершілік құндылықтарын сақтау болып табылады, бұл халықтың өмір сүру және өзін этнофор ретінде сақтау үшін көпғасырлық күресімен байланысты. Басқа этностар сияқты қазақтар да өз ата-бабаларының ерліктері туралы мәліметтерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Осы жерден атақты хандарды, батырларды, билерді дәріптейтін сансыз аңыз-әңгімелер, эпостар, шежірелер түріндегі эпикалық жанрдың айрықша рөл ойнайтындығын атап өтуге болады. Осы уақытқа дейін Ресей қазақтары ұлдарына өз елінің тарихына үлкен үлесін қосқан аты аңызға айналған тұлғалардың есімдерін беріп келеді.

Қытайдағы этникалық қазақтар бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:

  • Қытай қазақтары (әсіресе Моңғолияға іргелес аудандарда) қазақ тілін сақтауға тырысады, бұл қазақтар арасында қазақ тілін білу қалалық жерден гөрі ауылдық жерлерде айқын көрінеді; қазақ жастары қытай тілінде сөйлеуді жөн көре отырып, қазақ тілін ұмыта бастаған, бұл олардың білім алу және жұмысқа орналасу мүмкіндігін жеңілдетеді және ҚХР-дағы билингвизмнің тіл саясатымен байланысты;
  • этникалық қазақтар құрметтейтін мерекелердің ішінде, Наурыз мейрамын атап өту керек. Дегенмен, олар қытай тілі мен мәдениетін біледі және құрметтейді, сондай-ақ Қытай мерекелерін де атап өтеді;
  • ұлттық киімді әдетте ауылдық жерлерде тұратын қазақтардың аға буыны киеді;
  • қазақтардың тұрғын үйінің интерьері Қытайдағы кез келген заманауи отбасының интерьерінен еш айырмашылығы жоқ, бірақ тұрмыста қазақтар міндетті түрде ұлттық мәдениеттің жекелеген элементтерін, мысалы, қазақтың ұлттық ыдыстарын, музыкалық аспаптарын, көшпенділердің киімдерін сақтауға тырысады;
  • Қытай қазақтарының ұлттық тағамдары қазақстандықтардың тағамдарынан айтарлықтай ерекшеленбейді;
  • ҚХР қазақтары үшін балалар туғанда және есейгенде өткізілетін шаралар, құда түсу, үйлену, жерлеу кезінде сақталатын отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үлкен маңызға ие, өйткені дәл осы отбасылық дәстүрлер Қытайдағы қазақ диаспорасының ұлттық бірегейлігін сақтауға неғұрлым ықпал етеді, негізінде жеке алынған қазақ отбасы шеңберінде қазақтардың өз мәдениеті мен тілін сақтауға ұмтылыстары айқын байқалады.

Моңғолиядан, Өзбекстаннан және Ираннан келген этникалық қазақтар бойынша жүргізілген мониторинг қазақтардың этникалық сәйкестілігін сақтаудың айтарлықтай жоғары деңгейін көрсетті. Түрікменстанда ресми ақпарат алуда кейбір қиындықтар бар. Ел халықаралық аналитикалық агенттіктер үшін жабық және өз бетінше зерттеу жүргізбейді.

Жоба бойынша тиімді нәтижеге жету және зерттеу міндеттерін сапалы орындау үшін Түрікменстанның қазақтар көп шоғырланған елді мекендерінде (Балқан және Дашогуз велаяттарында) нақты жергілікті зерттеулер (сауалнама, сұхбат, кездесулер) жүргізу қажет.

2-міндет бойынша. Қазақ тілін қолдану және пайдалану саласын зерттеу.  

Зерделенген материал негізінде бүгінгі күні Ресейдің жас қазақтарының ана тілін жеткіліксіз немесе толық білмеу проблемасы бар екендігіне қарамастан (бұл туралы біз осы ел бойынша алдыңғы есептерде айтқан болатынбыз), дегенмен, қазір қазақ тіліне деген қызығушылық өсе бастады деген қорытынды жасауға болады.

Сонымен қатар, біз көріп отырғанымыздай, Ресей шағын байырғы халықтардың тілдерін дамытуды белсенді түрде жүзеге асыруда, бұл өз кезегінде осы елде қазақ тілін қолдауда оң аспект болып табылатынын атап кеткен жөн.

Қытай БАҚ-ның қазақ тіліндегі жұмысын талдау Қытайдағы қазақ телевизиясының бүгінде белгілі бір табыстарға жеткенін, ал қазақ тіліндегі телевизиялық арналардың тек ҚХР-да ғана емес, одан тыс жерлерде де өзінің тұрақты аудиториясы бар екенін көрсетеді. 2017 жылға дейін қазақ ирредентасы мен ҚХР-дағы диаспора ана тілінде сапалы ақпарат алудың айтарлықтай мүмкіндігіне ие болды, бұл шетелдегі қазақтардың ана тілін сақтап қана қоймай, жалпы ұлттық бірегейлікті сақтауына да ықпал етті. Бүгінгі таңда ҚХР - ның аз ұлттарға қатысты саясаты қазақ тілінде жұмыс істейтін БАҚ санының қысқаруына себеп болды, осыған байланысты көптеген газеттер, журналдар, теле-және радиохабарлар интернет-форматқа көшті.

«Жэньминь жибао» газетінің қазақ тілінде шығуы - ҚХР-дағы қазақ диаспорасының өміріндегі маңызды оқиға болып табылады, осыған байланысты мына жағдайларды атап өтуге болады:

біріншіден, ҚХР Үкіметі мен Коммунистік партиясының бас газеті сайтының қазақ тілінде ашылуы сөзсіз жетістік болып табылады, бұл Қытай үкіметінің ҚХР аумағында тұратын халықтар үшін ұлттық тілдің маңыздылығын жоққа шығармайтындығын көрсетеді;

қазақ тілін «Жэньминь жибао» газеті шығарылатын әлемдік тілдер тізбесіне қосу - қазақ тілінің тек ШҰАА аумағында ғана емес, жалпы ҚХР-да тұратын қытай халқы үшін маңыздылығын мойындау;

бұл заңды факт Қытай Конституциясының нормаларында қарастырылған ұлттық азшылықтарға және олардың ұлттық сәйкестігін сақтауға қатысты Қытай саясатының негізгі ережелеріне сәйкес келеді;

екіншіден, сайтты қазақ тілінде жариялау Қытайдағы саясат, экономика және қоғамдық өмір туралы көбірек ақпарат білгісі келетін оқырмандарға әртүрлі мүмкіндіктер береді, бұл, сөзсіз, Қазақстан мен Қытай арасындағы, әсіресе экономика, мәдениет және білім беру саласындағы халықаралық қатынастардың дамуына әсер етеді;

үшіншіден, «Жэньминь жибао» газетінің сайттағы http://www.kaz.people.cn/ беті әрі қарай жетілдіруді талап етеді, өйткені сайтты техникалық басқаруда тек функционалдық кемшіліктер ғана емес (сайтта орналастыру күніне сілтеме жасай отырып, ақпаратты жаңартудың болмауы, сайттың тілдік нұсқаларында мүлдем басқа ақпарат), сонымен қатар, мазмұндық жағынан да қателіктері бар (аударма нәтижесінде мәтіннің мағынасын бұрмалау, ҚХР қазақтарының өмірінен материалдардың жеткіліксіздігі немесе болмауы және т.б.).;

төртіншіден, сайттағы газет қазақ тілінде шығатындықтан, бұл сайттың оқырмандары қазақ тілді тұлғалар, бірінші кезекте, қазақ тілін меңгерген Қытай тұрғындары болып табылады, демек, бұл сайттағы ақпарат негізінен қытайлық қандастарға бағдарланған.

Моңғолия мен Өзбекстанда тұратын қазақтар ана тілін жақсы сақтай алды, қазақ тілінің қазақ мәдениетін сақтаудағы рөлін түсінеді, бірақ болашақта жас ұрпақ арасында қазақ тілін сақтау мүмкіндігіне әсер ететін белгілі бір қауіптер мен жағымсыз факторлар бар деп есептейді

Талдау көрсеткендей, Қазақстан Республикасы өз мүдделерін негізге ала отырып, жақын және алыс шетелдердегі диаспора проблемаларын өз бетінше шешуді күтпеуі тиіс. Тиісті көңіл мен практикалық көмектің болмауы қазақ халқының өздері тұратын басқа этностармен аккультурациясы мен ассимиляциясын жеделдетуге қауіп төндіреді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы шетелдік отандастарға ана тілін, мәдениетін, ұлттық дәстүрлерін сақтауда көмек көрсетуі тиіс, онсыз олар өздері тұратын елдердің халқымен ассимиляцияланады.

Түрікменстанның ұлттық және тілдік саясаты қазақтардың тарихи отанына қоныс аударуын жандандыру үшін негіздер жасады. Бірақ бүгінде Түрікменстанда Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі қандастар аз емес.

Ирандағы қазақ диаспорасының ана тілінің жағдайы Қазақстанның урбанизацияланған аймақтарындағыдай. Қалалық қазақ жастарының басым көпшілігі Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де ана тілін нашар меңгерген. Сондықтан қазақ диаспорасының ақсақалдары жас ұрпақтың ана тіліне деген сұранысы жоқ деп санайды. Интернет-дереккөздердің, жаңалықтар порталдарының мониторингі аға буын кем дегенде екі тілді: ана тілін және тұратын елдің тілін білетіндігін көрсетті. Қазақ диаспорасының екінші және үшінші ұрпақтары ана тілін нашар біледі. Тіл мәселесін үш алфавиттің болуы қиындатады.

3-міндет бойынша. Қазақстанды шетелдік қазақтардың қабылдау түйсектері мәселелерін зерделеу.

Жүргізілген зерттеу аясында келесі анықталды:

  • шетелдік қазақтар этникалық бірегейлікті сақтауға ұмтылады, қазақтың ұлттық дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтайды, ұлттық тағамдар дайындайды, отбасында ұлттық музыкалық аспаптары бар, қазақ музыкасын тыңдайды; сауалнамаға қатысушылардың барлығы өздерінің елді мекендерінде қазақтардың ұлттық бірлестіктерінің болуын атап өтеді;
  • қазақ тілін қолдану мен пайдалану саласы негізінен отбасы, туысқандық және тұлғааралық қатынастар болып табылады, яғни қазақ тілі негізінен диаспора өмірінде ғана қолданылады; сонымен қатар қазіргі заманғы шетелдік қазақ зиялыларының өкілдері (ғалымдар, жазушылар, суретшілер және басқалар) қазақ тілін өздерінің шығармашылық қызметінде (кітаптар шығару, ғылыми қызмет, фильмдер мен спектакльдер қою және т. б.) пайдаланатынын атап өткен жөн;
  • Қытайдың шетелдік қазақтарының Қазақстанды қабылдауы олардың тарихи отанының одан әрі дамуы мен өркендеуіне деген үмітімен байланысты, іс жүзінде барлығы ел туралы оң пікірде, экономика және мәдениет саласындағы табыстарын атап өтеді.

І іс-шара. Тарихи және этникалық Отанына оралған этникалық қазақтардың демографиялық және интеграциялану мәселелерін зерттеулер.

«Қазақстандағы репатрианттар арасындағы демографиялық ахуал мәселелерін зерделеу (1991 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі)» талдамалық демографиялық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасының 14 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласында қандастар мен жергілікті тұрғындардан (2000 адамға сауалнама) сауалнама жүргізілді.

Сонымен қатар «1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін этникалық репатриация саясаты шеңберінде Қазақстанға келген этникалық қазақтардың әлеуметтік көңіл-күйін зерделеу» әлеуметтік зерттеуіне сәйкес Қазақстан Республикасының 14 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласында 3000 қандастар арасында сауалнама жүргізілді.

Репатриация және шетелдегі отандастармен өзара әрекеттесу мәселелері, атап айтқанда, шетелдегі қазақтардың этникалық бірегейлігін сақтау мәселелері; қазақ тілін қолдану және пайдалану саласы; Қазақстанды шетелдік қазақтардың қабылдауы; Қазақстандағы репатрианттар арасындағы демографиялық ахуал; олардың әлеуметтік көңіл-күйі және Отанына оралған этникалық қазақтардың қоғамдық-саяси және экономикалық бейімделуі бойынша жүргізілген талдамалық зерттеулер негізінде мынадай қорытынды жасауға болады. 

Қазақстандағы репатрианттар арасындағы демографиялық ахуал (1991 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі) мәселелеріне жүргізілген зерттеу барысында 1-міндет бойынша (Қазақстандағы репатрианттар арасындағы демографиялық ахуал мәселелерін зерделеу (1991 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі) мыналар анықталды.

  • Қандас әйелдер елдің барлық өңірлеріндегі жергілікті әйелдерге қарағанда бала туу қабілеттілігінің жоғарғы деңгейін көрсетеді;
  • Елдің барлық өңірлеріндегі аға буын өкілдері қандастармен салыстырғанда қандастардың жас ұрпақтарының туу деңгейі біртіндеп төмендеуде;
  • Әйелдің тұңғыш баласын туу кезіндегі орташа жасы жергілікті тұрғындар арасында қандас әйелдермен салыстырғанда жоғары;
  • Жүктілікті бақылау құралдарын пайдалану арқылы отбасын жоспарлауды некеде жүктілікті бақылау құралы ретінде түсік жасатуды пайдаланатын қандас (қандас әйелдер арасында орта білім деңгейіндегілер басым) әйелдерге қарағанда жергілікті халықтың өкілдері жиі пайдаланады;
  • Қандастар да, жергілікті тұрғындар да отбасының өзгеру үрдісін және некелік әдептің әр түрін бірдей деңгейде көрсетеді, бұл ретте жергілікті тұрғындар арасында тіркелмеген, қайталанатын некеде тұратындардың және толық емес отбасылардың үлесі жоғары;
  • Қандас әйелдердің тұрмыс құруының орташа жасы өздерінің аналарының замандастарына қарағанда кешірек үйленетін жергілікті тұрғындармен салыстырғанда төмен;
  • Қандастардың денсаулық жағдайы зиянды әдеттердің (темекі шегу және спирттік ішімдіктер ішу) болуына байланысты емес және олардың субъективті бағалауына сәйкес, өз денсаулықтарына баға берген жергілікті тұрғындардыкімен салыстырғанда жақсырақ;
  • Қандастар негізінен ел, облыс және аудан ішінде көшуді жоспарлайды, бұл ретте, егер қандастар мен жергілікті тұрғындар арасында елден кетуді жоспарлап отырғандардың үлесін салыстыратын болсақ, онда елден кеткісі келетіндердің арасында жергілікті тұрғындармен салыстырғанда қандастардың үлесі жоғары;
  • Көші-қонның негізгі себептері балалардың сапалы білім алу мүмкіндігінің жоқ болуы, жұмысқа орналасудың мүмкін еместігі, қолайсыз экологиялық жағдай болып табылады;
  • Қандастар мен жергілікті тұрғындар үшін де елден кету жоспарын негізінен кәсіпкерлер, саудада жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздар білдіреді.
  • Жергілікті халықтың мінез-құлқына ұқсас ерекшеліктерді қалыптастыруы мүмкін болатын республикалық маңызы бар қалаларды, атап айтқанда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын қоспағанда, қандастардың бала туу қабілеті және некелік қылықтары барлық дерлік өңірлерде іс жүзінде бірдей.

2-міндет бойынша (1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін этникалық репатриация саясаты шеңберінде Қазақстанға келген этникалық қазақтардың әлеуметтік көңіл-күйін зерделеу) жүргізілген талдамалық зерттеу шеңберінде 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін этникалық репатриация саясаты шеңберінде Қазақстанға келген этникалық қазақтардың әлеуметтік көңіл-күйі анықталды.

Қандастар үшін олардың этникалық идентификациясы өте маңызды, бірінші кезекте олар өздерін қазақпын, екінші кезекте – Қазақстан азаматымын деп сезінеді. Барлық буындық топтарда адамның қазақ ұлтына жататындығын анықтайтын төрт белгінің аталуының жиілігі мен реті бірдей, оларі: «салт-дәстүрлер, мәдени құндылықтар», «ортақ тарихи тағдыр», «әкесінің ұлты», «қазақ тілін білуі».

Жеті атаға дейін қан араластырмау сияқты маңызды қағидат әсіресе шетелдік ортада маңызды болды, және де ол ата-бабаларын, руын, тегін білу қажеттілігін өзекті етті. Қазақстанда да соңғы жылдары өз шежіресін білуге сұраныс бар, отбасында ру шежіресін жинау және т.б. процестер күшейді, демек, қандастар ортасында және қабылдаушы қоғамда болып жатқан процестер синхронды сипатқа ие.

Қандастар арасында өзін-өзі шыққан елі арқылы (Қытай, Ресей, Моңғолия және т.б.) идентификациялау өте төмен. Қазақстанда қандастырды шыққан елімен байланыстырып қабылдау стереотипы (мысалы, моңғол қазағы, қытай қазағы т.б.) қалыптасқан. Бұл құбылыс сыртқы стереотип, қандастарды бұлайша қабылдаушы қоғам ғана атайды. Басқа елдердің тәжірибесіне қарасақ, бұндай жағдай әрбір жаңа ұрпақтың дүниеге келуімен бірге өзгеретінін көреміз, жаңа ұрпақ жергілікті болып саналып кетеді де, оолардың отбасы шыққанелмен байланыстыратын идентификация ұмытылады.

Шыққан елдерінде туыстар мен жақындары қалғандықтан, ол елдермен байланыс тығыз, тұрақты болып қаалады.

Жалпы, қандастар қоғамның әлеуметтік өміріне жақсы тартылған, әлеуметтік қызмет алады, мемлекеттік бағдарламаларға қатысады, зейнетақы алады және зейнетақы аударымдарын мерзімінен бұрын ала алады. Респонденттердің көбі балаларына мектепке дейінгі білім беру, орта, жоғары және қашықтан білім беру, медициналық қызмет алу, иннтернет, электрондық мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін қолданады.

Алайда қандастарда құжаттарды рәсімдеуге, емханаларға тіркелуге т.б. байланысты проблемалар бар, бұл проблемалар жергілікті қазақстандықтарға да таңсық емес.

Респонденттердің 20%-ы ХҚКО, Egov, интернетке қол жеткізе алмаймыз деп жауап берді, бұндай жауаптарды негізінен Өзбекстаннан, Қытайдан, Түрікменстаннан келген респонденттер берді.

Жалпы, респонденттер мәдениет, спорт және демалыс саласындағы қызметтерге қол жеткізе алады ‒ 60%-дан астам респонденттер спорт секцияларына, театрларға, киноларға, музейлерге, кітапханаларға, санаторийлерге бара алатындығын атап өтті. Сауалнамаға қатысқан респонденттер жартысы елде және шетелде саяхат жасай алады (шектеулер негізінен пандемиямен байланысты). 56,6% респондентке балаларын демалта алады.

Қандастар кейбір әлеуметтік бағдарламалар туралы білмегендіктен, олардға қол жеткізе алмаймыз деп санайды.

Респонденттердің басым бөлігі (93%) Қазақстанға көшіп келгеніне өкінбейді. Маңғыстау облысында тұратын Түрікменстаннан келген респонденттердің жауаптарында біршама өкініш байқалады. 211 респондент көрсеткен репатриацияға өкінудің негізгі себептері: қаржылық-экономикалық қиындықтар, баспана проблемалары, күткені мен болғанының сәйкеспеуі, тілдік орта проблемасы, өзін бөтен сезіну, жергілікті менталитетті түсінбеу, тұрмыстық кемсітушілік және т.б.

Мәдени, психологиялық, тілдік бейімделу елдің моноэтникалық өңірлерінде, қандастар көп тұратын облыстарда ол жерлерде ұлттық дәстүрлердің сақталғанына байланысты жылдамырақ іске асады. Сондықтан, ішкі көшу-қону өте белсенді дамыған, себебі қандастар туыстарына жақын өмір сүруге тырысады.

Қандастар арасында үш буын тұрғысынан жүргізілген әлеуметтік зерттеу бірқатар тенденцияларды анықтады. Маңызды қорытынды – құндылықт ұстанымдары мен бағдарлары барлық үш буынға ортақ, осының өзі этникалық тұтастықты көрсетеді. Сондай-ақ, бірінші және аралық буын өкілдері Қазақстан қоғамының мінез-құлық үлгілерін, әлеуметтік нормаларын, құндылықтарын, ұстанымдарын қабылдағанын атап өткен жөн.

Екінші буынның, яғни Қазақстанда туғандардың құндылықтары мен ұстанымдары Қазақстан қоғамының қазақстандық жәнеолар осы буынның ажырамас сипаты. Сауалнамаға қатысушылар ішінде, 1991 жыл мен 2005 жыл аралығында Қазақстан азаматы болып туған қандастар ‒ социумға барынша кіріккен, қабылдаушы қоғамға сәтті сіңіскендер.

Шетелден келген қандастар мен Қазақстан қазақтарының мәдени кодтары сәйкес, бұның өзі этникалық мигранттардың тез бейімделуіне мүмкіндік беретінін айта өтуіміз керек.

Жалпы, қабылдаушы елге бейімделу процесінде құндылық ұстанымдарындағы айырмашылықтар, идентификация қайшылықтары туындамайтынын атап өткен жөн.

3-міндет бойынша (Отанына оралған этникалық қазақтардың қоғамдық-саяси және экономикалық бейімделу мәселелерін зерделеу және талдау) Отанына оралған этникалық қазақтардың қоғамдық-саяси және экономикалық бейімделу мәселелері зерделенді және талданды.

Соңғы жылдары елдің барлық өңірлерінде мемлекет құрушы этнос үлесінің артқаны байқалады. Славян этникалық топтарының өкілдері елдің солтүстік аймақтарында басым, Қазақстанның оңтүстігінде өзбек, ұйғыр этникалық топтарының өкілдері, сондай-ақ түріктер, күрдтер мен әзірбайжандар көп шоғырланған. Елдің батыс және оңтүстік-батыс бөлігі этникалық жағынан біртекті, мұнда қазақтар басым.

БАҚ пен әлеуметтік желілердегі материалдарды талдау және сарапшылардың пікірлері бір жолғы этносаралық қақтығыстардың негізгі себептері: әлеуметтік-мәдени аспектілер; қаржылық проблемалар және тұрғын үймен проблемалар; тұрмыстық проблемалар және сот шешімімен келіспеушілік; тілдік проблемалар және еңбек жанжалдары болып табылатынын көрсетеді.

Сонымен қатар, қақтығыстардың себептері белгілі бір аймақтармен байланысты. Мысалы, еңбек жанжалдары Қазақстанның батыс және орталық бөліктерінде жиі туындайды.

Қазақстанның репатрианттық қоғамдастығындағы қоғамдық-саяси көңіл-күй үрдістері өңірлік-аумақтық орналасу тұрғысынан бюрократиялық сипаттағы проблемалар спектрімен, мысалы, «Қандас» мәртебесін алу кезіндегі қиындықтармен айқындалады. Бұдан басқа, шешілмеген тұрғын үй және қаржы мәселелері, мемлекеттік жер қорынан қандастарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін берудің нақты пысықталған жүйесінің болмауы қандастар арасындағы қоғамдық-саяси көңіл-күйдің теріс үрдістеріне жол ашады.

Сонымен қатар, қоғамдық пікір көшбасшылары өздерінің мақсатты пайдаланушылары, мысалы, Қытайдан келген қандастар елдердің үкіметтерін теріс қабылдауды қалыптастырады. Көшбасшылар әлеуметтік желілердегі өздерінің посттарымен жиі наразылық деңгейін көтеріп, кандастардың көңіл-күйін нашарлатады.

Полиэтносты ортада репатрианттармен қарым-қатынас құрудың қолданыстағы мемлекеттік саясаты ден қоюдың жаңа тетіктерін әзірлеуді талап етеді.

Сонымен бірге, қандастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау мыналарды анықтады:

  • қандастар арасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне сұраныс бар, мысалы, жайылымдар, шабындықтар, егістіктер. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жер учаскелері елді мекендерден алыстығына байланысты жарамайды;
  • аудан орталықтары мен ірі қалалардың маңында отандастар мен оңтүстік өңірлерден қоныс аударушылар үшін арнайы 5-10 сотық дайын үйлер салынуда;
  • қандастар жергілікті тұрғындарға қарағанда кәсіпкерлікке көбірек бейім. Мысалы, Қытайдан келген қандастар жерді өңдеуге арналған техниканы белсенді пайдалана отырып, шөп шабу, ауланы жинау, жер жырту бойынша қызмет көрсетеді;
  • қандастар жеткілікті дәрежеде еңбексүйгіш, олар жалақысы аз қоғамдық жұмыстан бас тартпайды;
  • қандастар егіншілікпен қатар мал шаруашылығымен де айналысады. Мысалы, Зайсан ауданында 3000 мыңға жуық шаруа қожалығы бар, олардың 60-70%-ы оралмандардың қолында. Кейбір отбасылық шаруашылықтарда 500-ге дейін ұсақ мал бар. Бір ауылда қандастарға тиесілі 3-4 колониялар бар, бұл – айтарлықтай жоғары көрсеткіш.

Жүргізілген талдамалық, оның ішінде әлеуметтанушылық және басқа зерттеуле

2021 ЖЫЛҒЫ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР