2019 ЖЫЛҒЫ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

30 Желтоқсан, 2021

2019 жылы екі бағыт бойынша аналитикалық зерттеулер жүргізілді:

І-бағыт. Диаспоралық саясат мәселелері бойынша жиынтық-талдау зерттеулер және шетелде тұратын қазақтардың проблемаларын зерделеу.

Талдамалық зерттеулер жүргізу мақсатында зерттелетін елдерден (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Моңғолия) келген 1300 этникалық қазақтарға 300 терең сұхбат және сауалнама жүргізілді.

Жүргізілген зерттеулер шетелдердегі қазақтар қазақ халқының құрамдас бөлігі болып табылады, олардың бірыңғай тарихи және этникалық Отаны – Қазақстан. Шетелдегі қазақтар мен Қазақстандағы қазақтар түрлі жергілікті өзгешеліктері бола тұра бір мәдениетке, бір тілге ие, - Қазақ хандығының құрамында тарихи тұтастығымен  біріктірілген, бірегей қазақ этносын құрайтынын көрсетті.

Кейбір сараптамалық бағалаулары бойынша алыс және жақын шетелдердегі қазақтар қазіргі қазақ ұлтының үштен бір бөлігін немесе 7-8 млн. адамды құрайды.

Қазақтардың басым бөлігі тарихи тұрғыдан Ресей, Өзбекстан, Қытай, Монғолия, Түркменстан сияқты Қазақстанмен шектес мемлекеттер аумағының ежелгі қоныстанушылары болып табылады. 

Алыс және жақын шетелдерде тұратын қазақтардың мәселелері бойынша негізгі проблемалар:

  • шетелдегі қазақтардың демографиялық (саны, тілі, мәдениеті, білімі және т. б.) көрсеткіштері туралы шынайы ақпараттың болмауы;
  • шетелдегі қазақтардың жалпы Қазақстан туралы ақпараттануының төмендігі;
  • тарихи Отанына қоныс аудару барысында (тұрақты тұруға) мемлекет тарапынан қолдау туралы шынайы ақпараттың болмауы;
  • шетелдегі қазақтарды қолдау бойынша мемлекеттік жоспарлау құжаттарының болмауы;
  • шетелдегі қазақтарды мемлекеттік қолдау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің болмауы;
  • шет елдердегі шетелдегі қазақтарды ана тілін, дәстүрлерін, мәдениетін, тұтастай алғанда этникалық бірегейлігін сақтау бойынша мемлекеттік қолдау шараларының болмауы;
  • шетелдегі қазақтардың болу елдерінде түрлі әліпбиді пайдалануы -Қытайдағы араб әліпбиі, Еуропадағы латын әліпбиі;
  • тарихи және этникалық Отанына келетін қазақтардың құжаттарын қабылдау бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың бюрократиялануы және өзара іс-қимылының әлсіз деңгейі;
  • сұранысы жоғары мамандықтарды игеруде оқыту және қайта оқыту бойынша жағдайлардың болмауы;
  • Қазақстанда тұрақты орнығуға ынталандыру жүйесінің болмауы;
  • қазақстандық азаматтықты қабылдау шаралары мен рәсімдері бойынша   тарихи және этникалық Отанына көшуге ниетті этникалық қазақтарды дайындайтын мемлекеттік жүйенің болмауы және ақпараттық-түсіндіру жұмысының жеткіліксіздігі;
  • жекелеген елдер бойынша қазақтар туралы ғылыми зерттеулер мен талдау материалдарының болмауы;
  • шетелдегі қазақ дарынды жастарын тарихи Отанына тарту және ұстап қалу тетіктерінің болмауы;
  • Қазақстанға келіп, бейімделіп, қазақстандық қоғамға кірігіп, тұрақтана алмаған, шыққан еліне қайтып барған қазақтардан бұрмаланған мәлімет алу салдарынан тарихи Отанына қоныс аудару процесі күрделенуі;
  • арнайы үйлестіруші басқару органының және ұйымның болмауы;
  • демография, ішкі және сыртқы көші-қон процестерін, сондай-ақ жалпы шетелдегі қазақтар мәселелерін мониторингілеу, талдау, жоспарлау және болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу, талдау орталығының болмауы.

Қазақстан аумағының ауданы бойынша әлемде 9 – орынды және халық саны бойынша 64-орынды алып, ел бойынша халық тығыздығы коэффициентінің орташа деңгейі ‒ шаршы км-ге 5,8 адам, бұл біздің елімізді әлемде 184-орынға ие. Аумағы біркелкі орналаспаған. Демографиялық теңгерімсіздік байқалады. Әлемдегі орташа көрсеткіш ‒ 1 шаршы км-ге 56 адам.

Халықтың депопуляциясы, басты кезекте солтүстік және солтүстік-шығыс облыстардан тұрақты эмиграция процестерімен байланысты.

Көші-қон ағынының ұлғаюы ауылдардың бос қаллуымен, халық санының қысқаруымен және моноқалалар мен шағын қалаларда жұмыспен қамтушылардың проблемаларының шиеленісуімен және соның салдарынан көшіп келушілердың бір бөлігінің маргиналдануы мен криминалдануымен қатар жүреді, сондай ақ жергілікті жердегі еңбек және тұрғын үй нарықтарында бәсекелестіктің шиеленісуіне әкеле отырып, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын тудырады.

Бұндай жағдайларда мемлекетке, халықаралық тәжірибені ескере отырып, саладағы проблемаларды шешудің жаңа тәсілдерін құрудың қолда бар өзіндік тәжірибесі негізінде репатриацияның тиімді жүйесін құру маңызды.

Барлық мүдделі құрылымдардың күш-жігерін шоғырландыру тәжірибесі Қазақстанның қазіргі заман тарихында бұрын болған - ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің жұмыс істеуі (Үкімет құрамына кірмейтін және өз қызметін 1997 жылғы желтоқсаннан бастап 2004 жылғы қазанға дейін жүзеге асырған, халық санының өсуін қамтамасыз ететін мемлекеттік демографиялық және көші-қон саясатын әзірлеу мен іске асырудың негізгі миссиясы бар орталық атқарушы орган) және арнайы бағдарламалар қабылдауы, соның ішінде осы салада этникалық көші-қонның сауатты жасалған саясаты, елдің демографиялық даму траекториясын келеңсіздіктен оңды бағытқа айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік берді.

Тәуелсіздік алғалы бері репатрианттардың негізгі шығу елдері Өзбекстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Түркіменстан болып табылады. Этникалық репатрианттардың шыққан елдерін ескере отырып, олардың көпшілігі Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында қоныстанды.

Бұл үрдіс өңірлік демографиялық әркелкілікті ескере отырып, этникалық компонентке негізделген көші-қон саясатының жаңа моделін іске асыру қажеттілігін өзектендіреді.

Жалпы зерттеулер шет елдерде тұратын қазақтардың проблемалары мен диаспоралдық саясат мәселелері мемлекеттік реттеуді одан әрі жетілдіруді талап ететінін көрсетті.

ІІ-бағыт. Отандастардың Отанына оралуын мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу.

Ресей Федерациясы, Түрік Республикасы, Израиль мемлекеті, Германия Федеративтік Республикасы, Польша Республикасы, Корея Республикасы сияқты елдердің халықаралық тәжірибесін зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ есептерде көрсетілген мазмұндық-конструктивтік ұсыныстар мен ұсынымдарды жинақтап, мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған елдердің халықаралық тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы                         Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 23 маусымда қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайында (№17-32-39.1 хаттама) отандастарды жан-жақты мемлекеттік қолдау туралы тапсырмасына негізделе отырып, Қазақстан Республикасында шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдауды құқықтық реттеуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыру қажет.

Жоба бойынша міндеттерді орындау шеңберінде:

  • «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заң жобасы Тұжырымдамасының жобасы;
  • «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңының жобасы;
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.

Заң жобасы әлемдік практиканың заманауи үрдістеріне, жинақталған тәжірибеге және қазақстандық мемлекет пен қоғамның жақын және алыс перспективалары туралы ғылыми негізделген, іргелі ұғымдарға негізделген.

Заң жобасында: жаңа ұғымдық аппарат, шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары мен міндеттері, мемлекеттік органдардың құзыреті, соның ішінде Тұңғыш Президент – Елбасының, ҚР Президентінің, ҚР Парламентінің шетелдегі отандастарды қолдау жөніндегі айрықша өкілеттіктері, оларды мемлекеттік қолдау нысандары, сондай-ақ Қазақ картасын ұсыну тәртібі, шарттары, мерзімдері көзделген. Осылайша, Қазақ картасы оралман мәртебесін (Қазақстан Республикасының азаматтығын) алғанға дейін шетелдік отандастар ие бола алатын құжат ретінде болжанады.

Құжаттардың жобаларын әзірлеу кезінде мемлекеттік органдардың – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жөніндегі Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің ұсыныстары барынша ескерілді.

Сонымен қатар, зерттелетін елдердің құқықтық базасын зерделеу қорытындысы бойынша қалыптасқан келесі негізгі позицияларды атап өтуге болады:

    1. Екіжақты ынтымақтастық мақсатында «Отандастар қоры» КЕАҚ мен мынадай Ресей ұйымдары арасында меморандумдар жасасу қажет: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегі федералдық агенттік, шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі федералдық агенттік (Россотрудничество); Шетелде тұратын отандастардың құқықтарын қолдау және қорғау қоры; Шетелдегі отандастармен гуманитарлық және іскерлік ынтымақтастық орталығы - Мәскеу қаласының Үкіметі жанындағы отандастардың Мәскеу үйі. Бұл ұсыныс ресейлік ұйымдардың шетелдегі отандастармен тиімді жұмыс атқаруына, еліміздің диаспоралық саясаты пен қоғамдық менталитетіне жақындығына байланысты.
    2. «Отандастар қоры» КЕАҚ қызметкерлерінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері істері жөніндегі федералдық агенттік, шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі федералдық агенттігінде (Россотрудничество) жүйелі тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы мәселені қарау. Бұл ұсынысты Ресей тарапы жасады, өйткені Россотрудничество ұзақ уақыт бойы практикалық тәжірибе алмасу, әдістемелік және құқықтық көмек көрсету мақсатында орталық аппарат қызметкерлері үшін тағылымдамалар жүйесін тиімді ұйымдастырып келеді.
    3. Шетелдегі отандастармен жұмыс істеудің ресейлік және неміс тәжірибесіне баса назар аудару, өйткені есепте аталған ұйымдар шетелдегі отандастармен жұмыс істеудің барлық спектрін жүзеге асырып қана қоймай, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінде ұлттық мәдениет пен өзіндік ерекшелікті сақтау және дамыту мақсатында өзара байланысты жұмыстың өзге де түрлерін қатар жүргізеді.
    4. Барлық зерттелетін елдер жастармен жұмыс істеуге, бірінші кезекте, оларды оқыту мен кәсіби даярлауға елеулі көңіл бөледі. Осы мақсатта, мысалы, Ресей мен Германияда мемлекеттік және демеушілік қаражат есебінен қолдау көрсетілетін бірқатар ірі қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді, бұл елеулі нәтижелер береді – басқа елдерден жастарды тарту есебінен елдің кадрлық әлеуеті күшейтілуде. Бүгін қазақстандық жас кадрлардың шетелге кетуі тек  қоғамды ғана емес, ел билігін де мазалауы тиіс.
2019 ЖЫЛҒЫ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР