Абай күніне арналған «АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ «БАУЫРЫМ» ДЕП...» дәріс-концерті өтті

10 Тамыз, 2021

«Отандастар қоры» және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты бірлесіп өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандум аясында Мемлекетіміздің мерейін асырып, ұлтымызды ұлықтай түсетін  Ұлы Абай күніне арналған «АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ «БАУЫРЫМ» ДЕП...» аталатын дәріс-концертін өткізді.

Бұл іс-шара Ұлы ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ Абай Құнанбаевтың күніне орай ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты, ақынның шығармашылығын зерттеп, дәріптейтін «Абай академиясының»  алдағы жоспарларын шетелдегі отандастарымызға таныстырып, алдағы уақытта отандастарымызбен бірлесе жұмыс атқарып, ақын өнерін одан әрі ұлықтау.

Мерекелік іс-шарада Отандастар қорының вице-президенті Мағауия Қанапияұлы Сарбасов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ басқарма төрағасы-ректор Ерлан Бәттәшұлы Сыдықов, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Жандос Әубәкір және шетелдегі қазақ мәдени орталықтарының өкілдері мен отандастарымыз: Нуртазинова Галина Нуркеновна - Deutsch-Kasachische Gesellschaft - Германия-Қазақстан қоғамының жетекшісі; Омар Хабсатар - Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Отандастар Қорының Моңғолиядағы бөлімшесінің жетекшісі; Ерол Йолжұ - Ыстамбұлдағы «Қазақ-түрік білім беру және зерттеулер» ассоциациясы басшысының орынбасары; Қазақ Асқар Иса - Иран қазақтары мәдени іс-шараларының жетекшісі; Ибраев Есенгалий Камзеевич - Ресей Федерациясы Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы; Елеутаев Куаныш Жолдасбекович – Ресей Федерациясы, Омбы қаласындағы «Омбы қазақтары» өңірлік қоғамдық бірлестігінің жетекшісі онлайн қосылып Ұлы Абай Құнанбаевтың күніне арналған құттықтау сөздерін айтып кетті.

Іс-шара барысында «Абай мерейтойы» кітабының тұсаукесерін тамашалады.

Өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті:

  1. Кенжеғали Мыржықбаев (опера), ҚР еңбек сіңген әртісі

«Желсіз түнде жарық ай», әні мен сөзі: Абай;

«Қарағы түнде тау қалғып»,әні мен сөзі: Абай.

  1. Сырым Мұхамеджанов (дәстүрлі әнші), Халықаралық және республикалық ән байқауларының лауреаты

«Көзімнің қарасы», әні мен сөзі: Абай;

Жар етпес қара көңілім не қылсада,

әні Сыдық Мұхамеджанов, сөзі Абай;

  1. Қайрат Айтбаев (күйші): Республикалық Тәтімбет атындағы күйшілер конкурсының лауреаты

«Шалқыма», Сүгірдің күйі

«Сарыжайлау», Тәттімбеттің күйі

  1. Ерлан Құжиманов, Республикалық ән байқауларының лауреаты

«Сегізаяқ», әні мен сөзі: Абай;

«Мен көрдім ұзын қайыңның құлағанын», әні: Біржан сал, сөзі:Абай

  1. Сейіл Аяғанов (эстрада әншісі) Кәкімбек Салықов атындағы республикалық әншілек байқауларының лауреаты

 «Өзгеге көңілім тоярсың», әні: Әбілахат Еспаев, сөзі:Абай

 «Қазағым-ай», әні: Тұрсынғазы Рахимов, сөзі: Мұқағали Мақатаев

Ауқымды іс-шараны Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Д.Қамзабекұлы қорытындылап, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

Абай күніне арналған «АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ «БАУЫРЫМ» ДЕП...» дәріс-концерті өтті