«Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтымен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру талқыланды

03 Тамыз, 2021


Өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандум аясында 2021 жылғы 3 тамызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының өкілімен мәдени-гуманитарлық  жобалар бойынша бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру үшін кездесу өтті.

Жүздесуге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Жанбота Карипбаев пен «Отандастар Қоры» КЕАҚ-ның Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің басқарушы директоры Алия Абельдинова, Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің консультанты Гүлсім Тәжібекова қатысты.

Кездесу барысында мәдени-гуманитарлық бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық мәселелер талқыланды. Тараптар бірлесіп шетелдегі қазақ мәдени орталықтары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастыруға және қазақ ақыны, композиторы, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туған күнін атап мерекелік мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға уағдаласты.

«Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтымен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру талқыланды