Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

20 Шілде, 2021

Құрметті отандастар! Қадірлі ел іші мен шетелде тұратын қандастар!

Баршаңызды қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбат айт – мұсылман қауымның ең ұлық мерекесі. Бұл мейрам татулық пен бейбітшілік, өзара келісім мен түсіністікке шақырады.

Айтулы күн қарсаңында халық бір-бірін құттықтап, жылы тілектерін жеткізіп, мұқтаждарға көмек көрсетеді, игі істердің бастамашысы болып, ақ тілектерін арнайды.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шеттегі ағайынмен байланысымыз күшейіп, бірқатар жобаларды қолға алдық. Қандастарымыз мәдени-гуманитарлық бағыттағы бағдарламаларды жоғары бағалады. Қазақ көшінің өрісі кеңіп, іргесі мәңгі берік болсын!

Осынау мереке қарсаңында Алладан береке-бірлік, бейбіт өмір, жарқын болашақ, халқымызға амандық тілеймін! Айт қабыл болсын!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!