Сәуірде «Отандастар қорының» ұйымдастыруымен 6 ЖОО-мен 4 кездесу өтті

02 Мамыр, 2021

2021 жылғы сәуір айында «Отандастар Қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен 6 жоғарығы оқу орнымен 4 кездесу ұйымдастырылды.

2021 жылғы 1сәуір күні Қожа Ахмед Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіндегі қандас студенттерімен  кездесу өтті.  
 
2021 жылғы 5 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі қандас студенттермен кездесу өтті;

2021 жылғы 7 сәуір күні Торайғыров университетіндегі қандас студенттермен кездесу өтті;

2021 жылғы 16 сәуір күні М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіндегі қандас студенттермен кездесу өтті.

Кездесуде қаралған мәселелер:
- 2021 жылғы Ұлттық біріңғай тестілеудің ережелері мен талаптары.  
- Құжаттық проблемаларды анықтау.
- ҚР азаматтығын алу механизімдері.
Талқылау барысы мен қортындысы.

Онлайн-кездесудегі басты мәселе – биылғы жылы жаңаша форматта өткізілгелі отырған ҰБТ-ның негізгі ерекшеліктері мен талаптары, сондай-ақ шетелдік азаматтар үшін құжаттық проблемаларды анықтау және ҚР азаматтығын алу механизмі болды.  

 Кездесуде Дайындық бөлімшесі тыңдаушылары ҰБТ мәселелеріне қатысты өздерін алаңдатқан сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Бүгінгі таңда бөлімше ұжымы лайықты дайындықтар жүргізе отырып, шетелдік қандастарымыздың болашағы үшін үлкен бастамаларды қолға алуда. Ұлты қазақ шетелдік қандастарымыздың болашағына терең жауапкершілікпен, жоғары саналылықпен қарау – Дайындық бөлімшесі ұжымының негізгі міндеті.

Осыған орай бөлімшеде ҰБТ бойынша жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған «Отандастар қоры» КеАҚ-та өз көмегін көрсетуде. Жақында Дайындық бөлімшесі «Отандастар қорымен» бірлесе отырып тыңдаушылардан алдын-ала тест жұмыстарын алған болатын. Жалпы тест нәтижесі жақсы болды. Тыңдаушылар біраз тәжірибе жинақтап, тест тапсырудың біраз қыр-сырына қанық болды.

Алдағы уақытта да Дайындық бөлімшесінің тыңдаушылары Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, университетіміздің студенттері қатарын толықтырады.

Сәуірде «Отандастар қорының» ұйымдастыруымен 6 ЖОО-мен 4 кездесу өтті