Наурыз айында 88 тегін қазақ тілі сабағы өтті

01 Сәуір, 2021

"Отандастар қоры" 2021 жылдың науруз айында онлайн форматта 88 тегін қазақ тілі сабағын өткізді.

Оның 16 сабағы - ағылшын топтарына, 32 - орыс топтарына, 24 - түрік топтарына, 16 - парсы топтарына ұйымдастырылды.

Сонымен қатар “Тіл - достық көпірі”, “Береке басы - бірлік” және “Qazaqsha Speaking Club” жобаларының кезекті шығарылымдары жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ тілі курсы 2021 жылдың 8 ақпанынан басталды. Курсқа қатысуға ниет білдірген 900-ге жуық отандасымыз тестілеуден өтіп, топтарға бөлінген болатын.

Наурыз айында 88 тегін қазақ тілі сабағы өтті