ҰБТ-2021 ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

16 Сәуір, 2021

Тіркеу:

15 сәуір сағат 17.00-ден бастап бос орындар аяқталғанға дейін app.testcenter.kz сайтында;

Тіркелу кезінде Сіз ҰБТ өткізілетін күнді, уақытты және орынды өзіңіз таңдайсыз;

15 сәуірден бастап ҰБТ тапсырудың БІРІНШІ МҮМКІНДІГІНІҢ тестілеу күнін таңдауға болады;

1 мамырдан бастап ЕКІНШІ МҮМКІНДІКТІ қолдану үшін күнді таңдауға болады;

Тестілеудің өзі: 25 сәуірден 30 маусым аралығында жалғасады;

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде Сіз тестілеуді 2 рет тапсыра аласыз және ең үздік баллмен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.
Ағымдағы (2021) жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады.

ҰБТ-2021 ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ