«Отандастар қоры» қолдауымен Томск облысындағы «Ресей-Қазақ үйі» мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арасында онлайн кездесу өтті

22 Сәуір, 2021

2021 жылғы 22 сәуірде «Отандастар қоры» КеАҚ қолдауымен РФ, Томск облысындағы «Ресей-Қазақ үйі» мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арасында ZOOM платформада онлайн кездесу өтті.

Бұл кездесуге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Джувашев Асылхан Болатұлы, Несие беру департаментінің директоры Бааль Геррард Маратұлы, РФ, Томск облысы «Ресей-Қазақ үйінің» төрағасы Орынғожын Ұрықбай Қамешұлы, РҚҮ Басқарма мүшесі Лосий Роман Сергеевич, Сыздықбеков Қанат Совханович, Шалимов Вячеслав Александрович және «Отандастар қоры» КеАҚ Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің басқарушы директоры Әбілдинова Әлия Сапабекқызы қатысты.

Кедесу барысында өзара ынтымақтастықта жұмыс істеу үшін орман шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласындағы жүзеге асырылатын пәрменді жобалар талқыланды.

«Отандастар қоры» қолдауымен Томск облысындағы «Ресей-Қазақ үйі» мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арасында онлайн кездесу өтті